Енді "Бригада" фильмі Қазақстанда түсіріледі

Естеріңізде болса, 2002 жылы жарыққа шыққан Ресейлік 15 сериалды «Бригада» фильмі халық арасына тез тарқап, көпшілік көрермендердің назарын өзіне аударған еді. Картинада Александр Белый (фильмде Саша Белый есімімен танымал) және оның үш ақылды досы 1989 және 2000 жылдар арасында қиын-қыстау кезеңдердегі сынақтарға мойынсынбай, табанды қарекетінің арқасында кәсібі дөңгелеген беделді тұлғаларға айналады.
Қазақстанда түсірілгелі жатқан «Бригаданың» да сценарий желісі сондай. Айырмашылығы: фильм «Фортуна» деп аталады және бұл көріністегі достар қанды қылмыстың емес, нағыз еңбектің арқасында жетістікке жетіп, бизнесін аяқтан тұрғызады. 

АРСЕН ЖАМБЫЛ, режиссер:

– «Фортуна» фильмі «Бригаданың» баламасы. Бірақ біздің нұсқадағы кейіпкерлер қандықол қарақшылықтың емес, елдегі орта және шағын бизнестің арқасында кәсібін дамытады. Олардың өмірі Қазақстан жастарына рухани, материалдық тұрғыдан да серпіліс береді деп үміттенемін»

Мұны «Қазақфильм» емес, жекелеген кино компаниясы түсіреді, түсірілім оқиғалардың басым бөлігі өрбитін Маңғыстау облысында өтеді. Сондықтан да картинаны сомдайтын актерлер де жергілікті халық арасынан кастинг жариялау арқылы таңдалынбақ. 
Ақтаудағы кастингке қатысқан 800 үміткерлердің 200-і екінші сынаққа жолдама алды, ендігі кастинг Жаңаөзен қаласында жалғасып жатыр.

АРСЕН ЖАМБЫЛ, режиссер:
– «Фильмнің түсірілімі 6 маусымнан тұрады, әрбір маусымында 12 серия бар. Қажетті актерлер таңдалынып болғаннан кейін ақпан айының соңында түсірілімді бастаймыз. Алла қаласа, 22-наурыз Наурыз мейрамы қарсаңында «Қазақстан-Ақтау» арнасынан фильмнің алғашқы сериалдарын көретін боласыздар.»
Киноның әрбір маусымына 25 миллион теңге жұмсалмақ. Режиссердің айтуынша, фильмнің актерлеріне төленетін еңбекақысы «Қазақфильм» әртістерінікінен кем түспейді. Ал кастингтен өте алмағандарға фильмнің басқа маусымдарында шақырту түсіп қалу мүмкіндігін де айтты. Сәті түсіп жатса, бұл фильмді республикалық арналардан, жақын көршілес мемлекеттерде де көрсетуді жоспарлап отыр.

72934.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста