«Ең жаңа шетел әдебиеті» жарық көрді

«Ең жаңа шетел әдебиеті» жарық көрді

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған «Ең жаңа шетел әдебиеті» атты ұжымдық монографиясы «Қоғамдық ғылымдар» аталымы бойынша «Ғылыми кітап 2012» конкурсының лауреаты атанды.
Бұл туралы Мәскеудегі Халықаралық ғылым академиясы қауымдастығының кітап баспасы кеңесінің алтыншы сессия­сын­да мәлім болды. Аталмыш кітапты бай­қауға ұсынған – институт директоры, бел­гілі қаламгер Уәлихан Қалижан.
Жинақтың жауапты редакторы – ака­демик Сейіт Қасқабасов, жауапты шығару­шысы – Светлана Ананьева.
«Ғылыми кітап 2012» конкурсының лау­реаты атанған «Ең жаңа шетел әдебие­ті» ұжымдық монографиясының авторла­ры институттың білікті ғалымдары Ш.Елеу­кенов – «Қырғызстанның жаңа әдебиеті», С.Ананьева – «Украина әдебиеті», А.Ма­ша­кова – «Испания әдебиеті», А.Бисен­құлов «Египет әдебиеті» тарауларын жаз­ды. Сонымен қатар Х.Досмұхамедов атын­дағы Атырау мемлекеттік университе­тінің ректоры Б.Мамраев пен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың орыс тілі мен әде­бие­ті кафедрасының меңгерушісі Л.Дем­ченко «ХХІ ғасырдың бірінші онжылды­ғын­дағы орыс әдебиеті», Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ корейтану орталығының мең­геру­шісі Г.Ким «Корей әдебиеті», А.Тү­сі­пова «Американ әдебиеті» тарауларын жазуға өз үлестерін қосты.
Кітапта ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы ұлттық әдебиеттер дамуының негізгі тен­ден­циялары беріліп, әдеби қорытындының болжамы жасалған. Жаңа мыңжылдықта әдебиеттер мен әдебиеттану дамуының мұнан арғы жолына болжам айтылып, жи­нақталуына деген қызығушылықтың арта түскендігі заңды құбылыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста