Елорда тойына орай қазақы люстра жасалды

Елорда тойына орай қазақы люстра жасалды

Үйіңізді самаладай жарқыратып тұрған аспалы шам-люстраңыз қай елдікі? Әлбетте, еуропалық немесе соның қытайлық баламасы болуы мүмкін. Солай болғасын, оның сән-сықпыты, яғни дизайны да шетелше болатыны белгілі. Басқасы табылмады дерсіз, қынжылып. Бірақ бұған қам жемеңіз, алдағы уақытта қазақстандық үлгідегі, ұлттық нақыштағы люстраларға да ие болып қаласыз.
Алматылық кәсіпкер Мейрам Қабдырахман қа­зақ­тың киіз үйінің шаңырағы дизайнымен әдемі люстра­лар жасау ісін қолға алыпты. «Алаш айнасы» газе­тінің Астана бюросына осы ұлттық нақыштағы люстра-шамдарының алғашқы үлгілерін ала келген Мейрам Қабдырахман мырза бұл жаңалығын «елорда мерекесіне орай жасаған тартуым» дейді. Өзінің айтуынша, қазіргі нарықта мұндай ұлттық нақыштағы, жо­ғары сапалы люстралар мүлде жоқ. Расында да со­лай, мұны өзіміз де байқап жүрміз. Сондықтан на­рықты сүзіп көрген кәсіпкер әр қазақтың үйінде киіз үйдің қасиетті шаңырағы тұрсын деген оймен осы люстра-шамдарды жасауға бел буыпты. «Әзірге ши­кізаты мен бұйымдарын әшекейлеу, әртүрлі түспен аптау, құрастыру ісін Қытайдағы кәсіпорындармен ке­лі­сіп істеп отырмын. Алла жазса, бұл істі қазақтың қа­ра шаңырағы, ел ордасы – Астанада жолға қойсам де­ген ниеттемін», – дейді М.Қабдырахман.
Р.S. Жаңалық жерде жатпайды. Жерлесіміздің осы жаңалығын естіген қырғыз ағайындар дереу қолқа салыпты. «Алатаудың қос бөктерін қатар жайлаған бауырлас елміз, киіз үйдің шаңырағы қазақ-қырғызға бірдей ортақ. Сондықтан бұл істі бірлесіп істейік» деп жатқан көрінеді айырқалпақты кәсіпкерлер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста