Еленаның әндері – мөлдіреп тұрған симфония

Таяуда қазақтың әнші қызы, белгілі сазгер Елена Әбдіхалықова Алматы қаласында өзінің жеке концертін беріп, алматылықтарды ерекше көңіл-күйге бөлеген еді. Әсем әндер шырқалған әсерлі кеште әнші-сазгер өзінің сиясы кеппеген жаңа әндерін тыңдарманға тарту етті.

Елена Әбдіхалықованың ән кеші Алматыда осымен екінші рет өтіп отыр. Осыдан 14 жылдай бұрын Алматыда шығармашалық кешін өткізген өнер иесінің шығармашылығы жаңа әндермен толыққан екен. Сондай-ақ концертте Елена Әбдіхалықованың төлқұжатына айналып кеткен «Есіңе мені алғайсың», «Көздеріңе ғашықпын» секілді әндері, «Қазақ елі», «Доспен қоштасу», тағы басқа әндері шырқалды.
Елена Әбдіхалықованың жеке ән кешіне Жұбаныш Жексен, «АртКлассик» тобы, Дәурен Сейітжанов, Айгүл Иманбаева секілді танымал әншілермен бірге елдің ішінде көп көріне бермейтін, бірақ өте дарынды маңғыстаулық Аида Байгелова, өскемендік Радион Немцов секілді жас әншілер қатысты.

Ғафиз Есімов, опера әншісі, Қазақстан республикасының халық әртісі:
– Елена домбырамен де, эстрадамен де ән айтатын жанжақты ғажап әнші. Елена маған Фариза апамыздың көзіндей. Оның тура сөйлейтіндігі, тік мінезі Фариза ақынға қатты ұқсайды. Ол өзінің концертін қалай жүргізді? Тамаша! Өзінің шығармашылық кешін жүргізу кез келген орындаушының қолынан келмейді. Елена жай ғана орындаушы емес, нағыз әнші, ақын, сазгер. Еленаның шығармалары қандай? Меніңше, Еленаның жақында Алматыда өткен концертін тағы қайталау керек. Өйткені оның тыңдарманы өте көп. Өз басым Еленаның ғажап өнерін барынша көп халық тамашаласа екен деймін. Елена ел үшін туған арда қыз. Мен оны еркелетіп Елігім деймін. Ол өзінің шығармашылығын ғана алып жүрмей, шәкірт тәрбиелеп жүр. Айналасындағы әріптестерінің шығармашылығына да өзіндік пікірін білдіріп жүреді. Мен Еленаға шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін.

Алтын Махамбетова, сазгер:
– Елена Әбдіхалықова – қазақ өнерінде өзіндік орны бар қазақтың біртуар қыздарының бірі. Қазіргі заманда өзін сазгермін, ақынмын дейтіндер көп, әрқайсысының өз бағыт-бағдары бар. Ал Еленаның қазақы әрі ұлттық бояуы қанық әндері халық әніне айналып кеткен. Айталық, «Есіңе мені алғайсың», «Сыр елі» секілді әндерін халық әні деп бағалауға тұрарлық. Елена Әбдіхалықованың өлеңдері мен әндері тілінің көркемдігімен, әндерінің әуезділігімен, тынысының кеңдігімен ғана ерекшеленбейді, оның шығармашылығы өте мәнді, мағыналы. Елена апайдың әндерін тыңдап отырып, әр адамның көз алдына өз өмірі келеді, оның әрбір әнінен тыңдаушы өзін тауып алады, мұңаяды, ойланады. Дарынды ақын, сазгер Еленаның әндері – мөлдіреп тұрған симфониялық шығарма іспеттес. Қазіргі заманда көп әндердің музыкасы шетелше, мәтіні қазақша, ал Еленаның әндері де, әндерінің мәтіндері де нағыз қазақша. Ол қазақ музыкасынының, қазақ өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген дарын иесі.

Жеңіс Ысқақова, әнші:
– Елена менің замандасым, екеуміз бір ауылдың қызымыз. Мен Ленаның әндерін, поэзиясын бұрыннан білемін. Бірақ осы жолғы концертінде менің Ленаға риза болғаным, оның жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлігі. Оның әндерінің барлығы дерлік диапазоны кең тынысты әндер. Осындай әндерді орындағанда Еленаның вокалының жоғары деңгейде екеніне көзіміз жетті. Мен Ленадай бауырымның барлығына, өнер адамы ретінде Ленадай әріптесім бар болғанына қуанамын, мақтанамын. Елена – еліміздің мақтанышы, қазақ өнерінің байлығы. Лена өнер жанашыры ретінде барлық ақын-сазгерлердің шығармашылығын бақылап жүретіндігін, олардың жетістігіне қуана білетіндігін көрсетті. Ол өзінің шығармашалық кешінде тек өз әндерін ғана емес, басқа ақын-сазгерлердің шығармаларын да орындады. Ленаның басқалар үшін қуана білуінің өзі оның терең адамгершілік қасиетін көрсетеді. Менің замандасымның мінезі ер мінезді, өткір болып көрінгенмен, байқасыаңыздар Ленаның әндерінің бәрінде мұң бар. Өйткені Еленаның жүрегі нәзік, сондықтан шығармашалығы үлбіреп тұрған сезімге тұнып тұрғандай болып көрінеді маған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста