Елдікті асқақтатқан ескерткіш

Елдікті асқақтатқан ескерткіш

17 маусым күні Екібастұзда елді елең еткізген оқиға болып, ұлы ойшыл, тарихшы, этнограф, фольклортанушы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткіші ашылды.

Бірнеше жыл бұрын кеншілер қаласының бас көшесі – Ленин көшесіне әулие бабамыздың есімі берілгенде бөркін аспанға атып шаттанған халықтың қуанышы еселене түсті. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Болат Бақауов, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкері, мәшһүртанушы Айтмұхамбет Тұрышев, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпақтары, алыс-жақыннан келген қонақтар қатысты.

Аймақ басшысы Болат Бақауов пен ғұламаның шөбересі Абай Шәрапиев ескерткіш жабуын түсірген соң, С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің оқушысы Бауыржан Кәкімов пен «Зерде» мектебінің оқушысы – Мәшһүр Жүсіп бабаның шөпшегі Перизат Сүйіндік ақын өлеңдерін оқыды.

Екібастұзға кіреберіс тұсқа ерекше рең беріп, ел рухын көтеріп тұрған қола ескерткіш биіктігі тұғыртасымен қоса есептегенде 7 метрге жуық. Авторы –қарағандылық мүсінші Жаубасар Қалиев.

Атап өтерлік жайт, 60 жылдық мерейтойын атап өткен кеншілер шаһарында қазақтың дарынды ұлдарына арнап бұған дейін талай ескерткіш соғылған. Алайда бүгінгі ескерткіш ең көркем әрі сәтті жасалғаны деуге болады.

Ескерткіштің ашылуына Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов қолдау танытып, «Екібастұз қаласындағы Мәшһүр Жүсіп қоғамдық қоры» (президенті – Бақтыбай Амантаев) еңбек сіңірді.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, Екібастұз
Суреттерді түсірген: Рымбек Егінбайұлы

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста