Елді мекендер атауы түгелдей қазақыланады

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған деп саналатын оңтүстіктің өзінде мұрты кертілмеген мәселелер жетіп-артылады. Әсіресе қазақша атауларға байланысты. Облысты былай қойғанда, қаланың өзі кеңестік кезеңнен қалған атауларға толы. Карл Маркс, Энгельс, Тельман атты ауылдар тіс батпайтын кәрі сүйектей әлі сүрленіп келеді. Жуырда облыстық әкімдікте жылды қорытындылаған облыстық тілдерді дамыту басқармасы ақжолтай хабар айтып, қуантып тастады.
Биылғы жылдың үлесінде облыстың түкпір-түкпіріндегі елді мекендердің атау­лары толықтай, яғни 100 пайыз қазақ­ша­ланбақ екен. Қазаққа да, Қазақстанға да бір тиын пайдасы тимеген өзге атаулардан арылатынымыз, әрине, қуантады. Соның бір парасы іспеттес, бас жоспарға сәйкес, биыл­ғы қадасы қағылғалы отырған ықшам­аудандардың біріне «Сауран» деген атау беріліпті. Енді алақайлаудың да ауылы алыс емес сыңайлы. Облыстағы 4 қала, 11 аудан, 186 ауылдық округ, 879 ел­ді мекен­нің бәрі де қазақыланса қане­кей, әйтпесе америкаланудың аз-ақ ал­дында қалып едік...
Балқия КӨМЕКБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
– Бүгінгі күні 16 елді мекеннің атын өзгерту мәселесі өткір тұр. Жақында ғана Парламентте «Ономастика тура­лы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Екі-үш ай көлемінде атал­мыш заң күшіне енбек. 16 елді мекеннің мәселесі сол шақта тез арада шешімін таппақ. Қуанарлығы, биылғы жылдан қалмай Оңтүстік Қазақстан облысындағы елді мекен атаулары 100 пайыз қазақшаланатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста