Жуырда музыкалық Гәкку арнасынан әнші Әйкерім ҚАЛАУБАЕВА мен Нұрлан ӘЛІМЖАННЫҢ «Екеуміздің әніміз неге бөлек?!» атты туындысын тамашалаймыз. Бұл жаңалықты парақшасына бірінші болып салған Әйкерімді оқырмандары күмәнді сауалдың астына қалдырды. Бұған тыңдарман арасында Нұрланның жарымен ажырасқаны жайлы қауесет себеп болса керек-ті.
Жұрт сөзіне қалам деп қорықты ма, Әйкерім жазбасының астына бірден «Тек өнер, тек достық, әріптестер» деп бадырайтып қойған. Әйтсе де, әнші қызға оқырман алдында қайталай жауап беруіне тура келді. «Сезімді жасыру қиын ғой?! - деп сауал салған ani_narra есімді тыңдарманына: «Нұрлаш екеумізді тек өнер байланыстырады. Ол - менің алтын досым», деп жазба қалтырған.