Ел ертеңі — эстетикалық тәрбиеде

Кезінде алашым деп өткен ардақты азаматтарымыздың бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Біздің қазақ – әнқұмар халық. Біреу қолына домбыра алып, ән сала бастаса, ойдағы, қырдағы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қаумалап, айтшы-айтшылап жанын жағасына келтіреді. Қазақтың әні кетсе – сәні кетеді, сәні кетсе – жаны кетеді. Әнді сақтаудың қамын қылыңдар» деген еді. Осы бір өсиетті өмірлік мақсат еткен белгілі музыка зерттеушісі Пернебек Момынұлы биыл өзінің педагогтық қызметіндегі 53-оқу жылын тәмамдамақ. Жасы 76-ға келсе де, алдына келген оқушыға эстетикалық тәрбие беруден жалықпаған ұлағатты ұстаз, құрметті профессор Пернебек Момынұлы бүгінде Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясында дәріс береді.

Таяуда өнеріміздің қарашаңырағы   Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында Пернебек Момынұлынан дәріс алатын студенттер арасында «Мен халқымның тілі мен ән-күй мәдениетінің құдіретті күшін сезініп, білгім келеді» деген тақырыпта ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Аталған жиында өнер академиясының және колледжінің студенттері эстетикалық тәрбиенің мән-маңызы, қазақтың ән, күй мәдениетінің дамуы мен қазақтан шыққан жекелеген әншілері мен күйшілер, Қорқыт, Абай, Дина, Ахмет, Ғарифолла сынды қазақ мәдениетінің майталмандары жайлы тың деректерге толы баяндамалар жасады.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының тумасы Пернебек Момынұлы әкеден ерте айырылып, анасы мен үлкен ағасының тәрбиесін көреді. Ол жастайынан ән мен күйге құмар болып өсті. «Алматыға барып, үлкен оқу орнында музыкадан білім алсам» деген балалық арманын алдына мақсат етіп қоя білген жас дарын 1951 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияға қабылданды. Пернебек Момынұлының алғашқы еңбек жолы Семей қаласындағы музыкалық училищеге басшылық етуден басталды. 1956 жылы консерваторияны жаңа бітірген жас маманды академик Ахмет Жұбанов Семей қаласында жаңадан ашылған музыкалық училищені басқаруға лайық көрген еді. Пернебек Момынұлы осы училищеде бес жылдай қызмет етіп, кейіннен Алматыға келіп, оқу министрлігінің аппаратында біраз жыл жұмыс істеді. Одан кейінгі еңбек жолында Пернебек Момынұлы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде 13 жыл басшылық етті. Сондай-ақ белгілі музыка зерттеуші ғалым Өнер институтында да біршама шәкірттер тәрбиелеп, кафедра меңгерушісі, декан секілді жауапты қызметтер атқарды. Білікті маманды қай оқу ордасы болса да, қызметке тартуға тырысатыны белгілі ғой. Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ-түрік университеті де Пернебек Момынұлына өзінің туған өңірінде қызмет етуге қолқа салады. Сонымен тәжірибелі ұстаз 18 жыл қазақ-түрік университетінде студенттерге музыкалық білім берді. Соңғы екі жылда Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында дәріс беріп, мастер-класс өткізіп жүрген Пернебек Момынұлының газет-журналдарға жазған мақалалары мен зерттеулері өте мол. Профессордың атап айтарлық еңбегінің бірі – «Қазақ музыкасының қысқаша тарихы» атты үш томдық жинағы. Аталмыш еңбекте жас ұрпаққа музыка өнерiнде еңбек еткен, қазақ ән-күйiн зерттеп, нотаға түсiрген, бар өмiрiн сахнаға арнаған өнер майталмандарының өмiрi мен шығармашылығы жайында, тарихы мен сiңiрген еңбегi жайында берерi мол, жеткiншектер тәлiм-тәрбие алар тарихи тұлғалардың өнерiндегi қызметi әсерлi жеткiзiлген.

Пернебек Момынұлы, профессор:
– Мен қашанда өзімнің шәкірттеріммен мақтанамын. Семейде қызмет еткен кезімде тәрбиелеген белгілі  әнші Мәдениет Ешекеев, Алматыда А.Жұбанов мектебінде менен дәріс алған Мақпал Жүнісова, Оңтүстік Қазақстандағы айтулы шәкіртім Алтынай Жорабаева бүгінде халыққа танымал өнер иелері. Мақпал қызым әлі күнге дейін: «Егер Пернебек Момынұлы болмағанда, мен әнші бола алмас едім» деп айтып жүреді. Себебі мен Мақпалдың дауысы өзгеріске ұшыраған кезде бірден байқап, оған тиісті шара қолданған едім. Кез келген жас әншінің белгілі бір уақыттарда дауысы өзгереді. Мақпал музыка мектебінде оқып жүрген кезде ол концерттерге, байқауларға жиі шақырылатын. Бірде оның дауысының аздап қарлыға бастағанын байқап, дереу дәрігермен кеңестік. Сол уақытта дәрігер біраз уақыт Мақпалға ән салуға болмайтынын ескертті. Мен бірден бұйрық шығарып, бір жыл Мақпалға ән салуға тыйым салған едім.

Бар өмірін музыка тарихын зерттеуге, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге, оқулықтар жазуға арнаған ұлағатты ұстаз Пернебек Момынұлының зерттеу еңбектерін қарап отырсаңыз, көптеген өркениетті елдерде балаларына музыкалық білім, эстетикалық тәрбие беруді бірінші орынға қоятыны туралы өте қызық деректер келтірілген. Айталық, жапондар құрсақта жатқан бес айлық балаға күніне үш минут музыка тыңдатып, эстетикалық тәрбие береді екен. Мейлі байдың, мейлі кедейдің баласы болса да жапондықтардың балабақшаға баратын бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары өз ұлтының халық әндерін шырқайды. Осыдан 40-50 жыл бұрын ғана хал-жағдайлары мүшкіл болған Жапония бүгінде дамыған елдердің алдыңғы қатарында өзінің техникасымен көш бастап тұр.

«Біздегі бір кемшілік балаларымызды отбасынан бастап эстетикаға тәрбиелеуге дағдыланбағанбыз. Мектепте де ән-күй сабағы өте төмен дәрежеде өтеді. Музыкалық колледждерге, жоғары оқу орындарына балалар ешқандай музыкалық білімсіз келеді. Әжептәуір дауысы бар, сымбатты балалар ешқандай аспаптарда ойнай алмайды. Олардың барлығын басынан бастап оқытуға тура келеді. Мектептерге оқулық та жөнді жетпей жатады. Мен өз басым кезінде музыка пәніне арналған бірнеше оқулық жаздым. Бірақ ол оқулықтар кеңестік саясаттың кесірінен бар-жоғы 10 мың данамен шықты. Бұл кімге жетеді? Ол уақыта кеңестік саясат қазақ халқының рухани байлығының дамуына барынша кедергі келтірді. Ал бүгінде небір дарынды жас мамандар мектепке музыкадан сабақ беруге барғылары келмейді. Себебі жалпы мұғалімдердің қазіргі жалақысымен ешкімді қызықтыра алмайтынымыз шындық. Мен әрбір қазақ азаматын өз ұл-қыздарына эстетикалық тәрбие беруге шақырамын. Мейлі балаңыз болашақта кәсіби музыкант болмасын, бірақ әр қазақ баласы ән-күймен сусындауы тиіс», – дейді профессор Пернебек Момынұлы.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста