"Ел Арна" неге жабылады?

"Ел Арна" неге жабылады?

"Ел құлағы – елу" демекші "Ел Арна" телеарнасының жабылатыны туралы ақпарат ел аузында жүр. Әлеуметтік желілерде де осы бір елді елеңдеткен жаңалыққа ойларын білдіріп жатқандар жетерлік.
"Ел Арнаның" ертеңіне алаңдап арнаның басшысы Серік Абас-Шах ағамызға хабарласқанымызда ол кісі бұл ақпаратты жоққа шығармайтынын айтты. Әзірге белгілісі, 1-наурыздан бастап "Ел Арна" өз жұмысын тоқтатпақ.
Қазақстанның 75 пайыз аумағын қамтып, 10 миллионға жуық көрерменге әртүрлі жанрдағы бағдарламалар мен фильмдерді тәулігіне 18 сағат бойы ұсынып отырған белді арнаның жабылуының себебі көпшілік үшін беймәлім болып отыр. Телеарнаның не себепті жабылатыны, жоғары жақтағылар қандай мақсатта осындай әрекетке барып отырғандығы белгісіз.
"Ел арнаның" ең алғашқы бағдарламалары әлі күнге дейін ел аузында. "Ошақтың отын өшірмей", "Қара өлең", "Заң мен заман", "Дін мен діл", "Мың бір мақал", "Қазақтар", "Ой көкпар", "Қарапайым қағидалар" сияқты хабарлар елді елең еткізер мәселелерді қозғады. Ал қазақ әнін, музыка өнерін насихаттаған "Саз сандық", "Кертолғау", "Ұлы дала сазы", "Ауылдың алты ауызы" сияқты бағдарламалар көрерменнің көзайымына айналған еді. Кейінгі уақытта телеарна ұжымы "Ел Арнаны" отбасылық арна етуге біраз еңбектенді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста