Экранға шыққан «Зұлмат» фильмі ашаршылықтың шындығын көрсетті
Ұлттық қасірет ұмытылмайды! Алматыда ашаршылық пен әйгілі Созақ көтерілісі туралы қысқа метражды фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті. 30 минуттық туынды «Зұлмат» деп аталады.
Фильмге атақты Созақ көтерілісі кезіндегі бүтін бір отбасының басынан өткен қасіреті арқау болған. Мұнда осы бір үйдің алты баласы ажалмен бетпе-бет келеді. Режиссер бұл арқылы күллі қазақтың сол кездегі азапты күндерін көрсетуге тырысыпты. 1930-1933 жылдардағы қаралы шежіреден сыр шертетін фильм тарихи шындыққа негізделген. Ал онда басты рөлдерді белгілі актерлер Райхан Айтқожанова, Ержан Жарылқасын және Асылхан Төлепов сомдайды.
Сәбит Әбдіхалықов, «Зұлмат» фильмінің режиссері:
-Қысқаметражды 30 минуттық фильм. 6 ағайынды тұтқынға түсіп, бәрін ататын болады. Сонда бір кішкентайын аман алып қалуға жан таластары, арпалыстары жайында. Терең тарихтың теңізіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей ғана дүние.
ktk.kz