«Екі жұлдыздың» жеңімпаздары анықталады

«Екі жұлдыздың» жеңімпаздары анықталады

Ертең ұлттық арна эфиріндегі «Екі жұлдыз» жобасының жеңімпаздары анықталады. Бағы жанған жұптың аты-жөні тікелей эфирде жария етіледі.
Ұйымдастырушылардың хабар­лауы­н­ша, желтоқсанның 24-і күні бағ­дар­ла­маның бірінші секундынан бас­тап, ше­шуші рөл атқаратын SMS-дауыс­тар қабыл­данады. Көрермендер екі сағат бойы осы мүмкіндікті пай­далануы тиіс. Думанның соңында дауыс­тар мен қа­зылар алқасының бағасы есептеліп, соның нәтижесінде жобаның төртінші маусымының жеңімпаз­дары белгілі болады. Биылғы жобада тек қана ән­шілер өнер көрсетіп жатқандықтан, думанның соңы тая­ғанда нағыз мықтыны анықтау қиынға соғып жатыр. Қай-қайсысы да – сен тұр, мен атайын. Ал­ғаш­қы орыннан бәрі де дәмелі. Жұлдыздар үш ай бойы бәсекелесіп келеді. «Елдің басты ду­маны» деген ай­дар тағылған «Екі жұл­дыз», шынымен де, халықтық бағ­дар­ламаға, соның ішін­де, рейтингі жоғары отандық телеөнімге айналды. Есте­ріңізде болса, бұл думанды бағдар­ламаның алғашқы маусымында – балерина Сәуле Рахметова мен әнші Мейрамбек Бесбаев, екінші маусы­мында – әртіс Рахман Омар мен әнші Маржан Арапбаева және үшінші маусымында тележүргізуші Қазбек Қасым мен әнші Ақбота Керімбекова жеңіп шыққан еді. Ендігі нағыз мық­тылар кімдер болар екен?! Бағдарла­маның ақтық сайысын жіберіп алмаңыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста