"Екі қызбен танысып тұрғанмын": Бекжан Тұрыс бетінен шапалақпен салып қалып ұялтқан "әйелі" туралы айтып күлдірді

 Актер бір кездері құрдасының әзіліне қатты ренжіп, ашуға бой алдырғанын жасырмайды. Десе де бұл бүгінде еске алар тәтті естеліктерінің бірі болып отыр.

«Құрдас дегенің өзге ұлтта қалай қабылданып, қалай түсіндірілетінін білмеймін, ал қазақ үшін орны ерекше. «Құрдас қалжың» деген тіпті біздің ұлтта ғана бар шығар. Ешқашан құрдастың қалжыңы мен қағытпасына ренжуге де, көңілге алуға да болмайды. Өкпелейтін болсаң ұмытылмас келекеге қалдым дей бер. Менің құрдастарымның бірі – әріптесім Данагүл Темірсұлтанова. Бірде пойызбен Атырау өңірінен гастрольдік сапардан келе жаттық. Ұмытпасам, Қызылорда облысының Шиелі ме екен, әйтеуір, бір станциясына жеткенде вагондағылармен ілесіп сыртқа шықтым. Бұл – «77-күннің» дүркіреп тұрған уақыты. Эфир арқылы көпке танылып кәдімгідей, құдай салмасын, «жұлдыз» боп жүрген кезім. Вагоннан түскенім сол – бейтаныс екі қыз менен қолтаңба сұрағаны. Өнер адамының өзгеден «өзгешелігі» де – сонда әрі еркек деген атымыз бар, қыздармен танысып-білісіп ұзағырақ сөйлесіп дегендей, жас қыздардың мені танығанына мәз болып кәдімгідей кеудеме желік бітіп, желпініп тұрмын. Тура осы кезде шығып келе жатқан Данагүл мені көріп вагонның жақтауына сүйенген күйі:– Ә-ә-әй! – деп айғай салғаны», - дейді Бекжан Тұрыс.

Әрі қарай ол жанындағы арулардың ештеңеге қарамай қаша жөнелгенін айтты. Олар Данагүл Темірсұлтанованы актердің әйелі деп ойлап қалса керек.

«Жанымдағы сұлуларға қосылып мен де аңыртылып Данагүлге қараппын. Лып етіп вагонның тепкішегінен секіріп түскен ол екі бүйірін таянған күйі жанымызға жетіп келді. – Көзімді ала бере істейтінің – осы! Есіл-дертің – қыз сенің! Оңбаған неме, осындайсың сен... – деп жаныма жеткен бойда бетімнен шапалақпен салып қалды. Есі шыққан екі қыз тұра қашсын, аяғы аяғына тимей зытып барады. Оған тоқтайтын Данагүл ме, менің: «Есің дұрыс па сенің?» – деп ренжігеніме де пысқырмаған күй әлгі қыздардың артынан: «Әй, тоқтаңдар!» – деп, онысымен қоймай бейәдеп сөзден де қосып айғайлады. Ана екі қыздың, сөз жоқ, оны менің келіншегім деп ойлағаны анық. Данагүл болса, менің өз қызығым өзімде болып ғажап бір сезім сыйлаған «қызылды-жасылды» әлемімді «қиратқанында» шаруасы жоқ, түк болмағандай жанымда тұр. Сол кезде Данагүлге ренжіп, кәдімгідей ашуландым. Басты рөлін керемет сомдап қалың көрерменнің ықыласына бөленген актрисадай өзі мәз. «Бекжанды ашуландырдым-ау, ана екі қызды босқа тілдедім-ау» деген ой басына кіріп-шықса неғылсын», - деді актер.

Сол сәтте Бекжан Тұрыс актрисаның бұл қылығына ренжісе де, Данагүл Темірсұлтанованың бойында қазақы биязы мінезі бар екеніне тоқталды.
«Осы оқиға құрдасымның есінде қалды ма, жоқ па – білмеймін, Данагүлдің сол тұрысын, қылығын мен ұмытқаным жоқ. Сол кезде кәдімгідей ашуланғаныммен оның қыздарға қазақтың жалпақ тілімен арнайы «көңіл бөліп» сөз «арнағанын» есіме алсам, еріксіз жымиямын. Қазір ойлаймын лап ете қалар сиқырлы сезімнің жетегіне ере салатын өнер адамына дер кезінде «тежегіш» болар Данагүлдей құрдастар керек-ақ! Астарына мән беріп, тереңіне үңіліп түсінген адам бұдан да достықты, жанашырлықты, бауырмалдықты, адамгершілікті байқар еді. Қалай десек те, шығармашылыққа жақын адамның, оның ішінде актердің «бір аяғы – сегіз, бір аяғы – тоғыз» боп жүретіні де жасырын емес. Бүгінде өзіме әзілдеп тиісіп, өзгенің көзінше әдеппен «сары алтыным» дейтін құрдасымның туған күні. 9 мамырда дүниеге келгендердің есімдері көбінде Жеңісгүл, Жеңісбек, Жеңісxан деп қойылып жатушы еді осы құрдасымның қалай Данагүл атанғанына таңғалам кейде. Сол үшін де ерекше ол! Туған күніңмен, Дана! Басыңнан бақ кетпесін!» - деп құттықтады ол.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста