Екі еркекпен сүйіскен Кәмшат Жолдыбаеваны Баян Есентаева жақтап шықты

Продюсер кез келген мәселеге "ұят" сөзін қосатын қазақ менталитетін сынап тастады. Оның айтуынша, ер адам мен әйел адам арасында махаббат болатынын балалардан жасырудың қажеті жоқ.
"Қиялмен өмір сүріп, ақиқатты айтпай, жасыру... Қазақ балалары дүниеге өздері келе сала ма? Бір ай бойы Францияда болдым, бастапқыда ондағы адамдардың бір-біріне сүйетіндіктерін ашық айтып, сондай сүйіспеншілікпен қолдарынан ұстап, көздеріне махаббатпен қарайтынына таң қалатынмын. Біздің менталитетті жақсы түсінемін. Оны негізі "ҰЯТ" деп атау керек", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, ол кез келген жерге "ұятты" тықпаламай, балаларға махаббат туралы ашығын айту керектігін де аңғартты.

"Біз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, жақсы көруден қысыламыз. Сүйісу туралы айтпай-ақ қояйық. Барлығы "ұят" пен "жасқаншақтықтан" құрылған. Біз еркекпен жатпаймыз, бәлкім бәрі бөлек-бөлек жататын болуы керек. Ал балалар болса өздері дүниеге келеді. Бізге жақсы көруге болмайды. Біздің хикаяны мұқият қарап отырған мұндай сыншылар менің дүниетанымым мен көзқарасыма әсер еткісі келеді", - деген ол бұдан әрі "Өгей жүрек" фильмінің өзектілігіне тоқталды.

"Ал біз болсақ, қоғамдағы ең өзекті тақырыпты қозғап отырмыз. Балалар үйіне барып көріңіздер, тастанды балалардың 99 пайызы қазақ балалары. Білесіздер ме, неге екенін? Себебі, біз махаббат мәдениетін білмейміз. Себебі, ҰЯТ. Міне, барлығын осыдан бастау керек. Балалар махаббаттан туылуы керек, біз бұл туралы айтуымыз керек. Ең алдымен өз балаларымызға мұны үйретуіміз керек. Тура айтпасақ та. Бірақ, жоқ. Біз ұяламыз, ұят. Біз балаларымызға оларды шанадан тауып алғанымызды айтамыз. Ал он мыңдап саналатын тастанды балалар мәселесін ұмыта салайық", - деп жазды ол.

Естеріңізге салсақ, жуырда ғана теледидар экранынан көрсетіле бастаған "Өгей жүрек" телехикаясына қатысты сын айтылған болатын. Нақтырақ айтсақ, фильмде басты рөлді сомдайтын Кәмшат Жолдыбаеваның екі еркекпен сүйіскені желі қолданушыларының ашуына тиген. Олар актрисаның фильмдегі қылығын "ерсі" әрі "қазақ қыздарына жат" деп атаған.

NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста