Қазақстандық танымал актриса Гүлнәр Сілбаева ана атанды. Актриса ұлды болды. Бұл туралы өзі көпшіліктен сүйінші сұрап, қуанышын бөлісті.
“Сен бүгін туылуың керек еді. Бірақ екі ай уақыт бұрын тудың. Бұл керемет әлемге қош келдің, Зейін, біздің кішкентай баламыз. Әкең екеуміз сені күттік. Сен де бізге асыққан шығарсың”, – деді актриса.
Әзілкештің айтуынша, ұлы мерзімінен ерте өмірге келген. Алайда қуаныштың ерте-кеші жоқ. Жаңалықта естіген әріптестері, өнер өкілдері мен желідегі оқырманы құтты болсын айтты.
“Алақай”, – деп жазды Дина Тасболатова.
“Құттықтаймын”, – деп жазды Нұртас Адамбай.
“Бауы берік болсын, Гүлнара”, – деді Самат Смақов.
“Гүлнара, бауы берік болсын. Құттықтаймын. Отбасыларың береке мен бақытқа толсын. Сәбидің дені сау болсын”, – деп жазды Альмира Тұрсын.
“Сендерге қызығын көрсетсін. Батыр болсын. Үлкен азамат болсын”, – дейді әнші Кентал.
Нұрболат Абдуллин: Мұғалім болып 50 мың теңгеге жұмыс істедім
Дәрігерлерге пранк жасаған Мейіржан Төребаев елді күлкіге қарық қылды (видео)
“Бауы берік болсын, жарайсыңдар”, – деді Құмар Лұқманов.
“Құттықтаймын”, – деп жазды Бауыржан Сатов.
Гүлнәр Сілбаева КВН арқылы көпшілікке таныс. Бірнеше фильмдерде роль сомдады. Көгілдір экраннан көінбей кеткен актриса өмірінің күрт өзгергенін айтқан еді.
“Мені жоғалтып алдыңыздар ма? Мен секілді керемет қыздан айырылдыңыздар. Менің өмірім күрт өзгерді. Айтарлықтай жаңалықтар болып жатыр. Оны кейін көре жатарсыздар”, – деген еді ол.