Едіге Мағауин: БАҚ-тың алар асуы әлі алда

Чехия Республикасының астанасы Прага қаласы – бүгіндері 5000-нан астам қазақтың басын қосып отырған Еуропаның кіндік қаласы. Әсіресе оқу-білім іздеп келген қазақ жастары мұнда көп. Сондай-ақ «Азат­тық» радиосының қазақ қыз­ме­тінде жұмыс істеп жүрген журналистер де бір қауым. Қонақжай ре­дак­цияның есігі қашан да ел­ден келген журналистер үшін ашық. Журналистерге арналған семинар күндері «Азаттық» радиосы қазақ қызметінің директоры Едіге Мағауинмен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Едіге Мұхтарұлы, халықаралық дең­гейде қызмет істеп жүрген ре­дак­ция менеджері әрі журналист ретінде сізге жүктелер жауапкершілік қандай? БАҚ саласының мамандары ақпаратты ұлттық және жаһандық деп қа­ра­с­ты­ра­ды. Бұлардың айырмашылығы неде?
– Өз басым ақпаратты ұлттық не жаһан­дық деп бөлуді қолдамаймын. Өз елімізде не шетелде жүрсек те, хабар таратудың өз жауапкершілігі болатыны рас. Өзіміздің таң­даған, нысанаға алған аудиториямыз бар. Хабар жасаған кезде өзің нысанаға ал­ған аудиторияның мұқтажына, солардың мүддесіне, солардың пайымдарына сай хабар құру деген – басқа мәселе. Бірақ оны ұлттық тұрғыда бөлу, мемлекеттік тұр­ғы­да бөлу, жаһандық тұрғыда бөлу дегенмен келіспеймін.
– Дәл қазіргі дәуірді ақпарат ғасыры дейміз. Осы дәуірдің өзіне сай тер­мин­де­рі пайда болды. Мысалы, «элект­рон­ды демократия», «телекратия» секілді ұғымдар демократиямен қатар өрбіп отыр. Сондай-ақ коммуникация тео­риясын зерттеуші ғалымдар де­мо­кра­тияның мәнінен гөрі, телекратияның мәні басым деген пікір де қалып­тас­ты­ру­да. Телекратия, яғни телевизия мен телекоммуникациялық желілердегі, визуалдық құрылғылардағы ақпа­рат­тар­ға азаматтардың сенімінің артып отырғанын қалай бағалайсыз?
– Мәселе тағы сол ақпаратқа келіп тіреледі. Азаматтардың ақпаратты еркін алуға құқы бар. Демократияның басты құндылықтары да – сөз еркіндігі, баспасөз еркіндігі. Бұл аталған дүниелерді тал­қы­лау­дың өзі артық. Жаңағы айтылған же­лілер – соны жеткізудің құралы ғана. Ке­шегі күні біз ат үстінде не арбаға мініп жүр­ген болсақ, кейін шетелдік жеңіл көлік­терге міндік. Меніңше, аталған көліктің бар айырмасы – оның құрылымында. Әл­бет­те, бүгінгі адамның өмір сүруі, жүріс-тұрысы, талғамы тұрғысынан алғанда, толып жатқан өзгеріс бар. Бірақ құн­ды­лық­тар тұрғысынан алғанда, баяғы құн­ды­лық­тар бүгінгі күннің сол құндылықтары болып қала береді. Ол – адамның еркін ақпарат алуына, еркін пікір бөлісуіне және бас­қалардан пікір алуына толықтай құқылы болуы. Олар бұл орайда әлемдегі болып жатқан оқиғаларға қатысты көз­қа­рас­тар­мен танысуы және содан оқшауланбауы тиіс. Тап осы жерде «жа­һан­дану» ұғы­мы­ның жағымды тұсын айтуға болар. Әлемде не болып жатқанын білу ар­қылы кез келген азамат өз еліндегі жағдайға шынайы түрде баға бере алады. Өз еліндегі белгілі бір оқиғаға орай түрлі көз­қа­рас­ты білу арқылы сол оқиғаның үр­дісін өзінше дұрыс бағамдай алады. Егер азамат ретінде мүд­делі адам болса, соған сай ер­теңгі күні өзі өмір сүретін, ертеңгі ұрпағы өмір сүретін қоғамның дұрыс дамуына үлесін қоса алады. Журналистердің бұл рет­те атқаратын қызметі – адам­дар­дың осы тұрғыда жауап­кер­ші­лігін сезінуіне ықпал ету, қыз­мет ету.
– Яғни әрбір азамат ақ­па­ратты алушы емес, соған қа­ты­сушы ретінде танылуы тиіс дейсіз ғой.
– Бәлкім, салыстыруым тұр­пайылау шығар. Киім үлгісіндегі өзгеріс деген сияқ­ты бүгіндегі жур­на­лис­ти­кадағы өз­ге­ріс­тердің бірі – оқырманын барынша ішке қарай тарту. Оқырман – тек сырттан ба­қылаушы ғана емес, сонымен қатар бо­лып жатқан оқиғаға тікелей қа­тысы бар адам ретінде өзінің пікір айтушы, тіпті кей жағ­дайда болып жатқан оқи­ға­ларды жур­налистен бұрын байқап, соны өзі секілді адамдарға немесе осы жайтты тереңірек зерттеп, жаза алатын жур­на­лис­тер­ге ха­бар­лаушы. Осы тұрғыдан алғанда, ауди­то­рияны сырттан бақылайтын топ қана емес, болып жатқан процестерге тіке­лей ара­ласатын белсенді қауымға ай­нал­дыру.
– Едіге Мұхтарұлы, ақпараттың құн­дылығы жайлы пікіріңізден келесі сұ­рақ туындап отыр. Қазір қоғамның рухани өмірінде «медиамәдениет», «ме­диаөркениет» секілді ұғымдар пай­да болып, ол ғылымның жаңа ба­ғы­ты ретінде зерттеле бастады. Осы медиамәдениетті қа­лып­тас­ты­ра­тын­дар да, медиаөркениетті қоғамға апа­ратын ықпалды күш – біз, журналистер қауымы. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ қо­ғамындағы медиамәдениеттің қан­дай бағыттарын атар едіңіз?
– Шынын айтатын болсақ, Қазақ­стан­дағы ақпарат құралдарының әлі алда ат­қа­рар қызметі, алар асулары мен асқар тау­дай міндеттері орасан зор. Бүгінде ақ­парат құралдары дамып келе жатыр. Бірақ тиісті дәрежеде өзінің қоғамдағы қызметін толық атқарып отыр деп айта алмаймыз. Оның толып жатқан себебі бар шығар. Бі­рақ, қалай болғанда да, бірінші кезекте жур­налистердің кәсіби қызметінде жауап­кер­шілігін сезінуі тиіс дегім келеді. Ме­диа­мәдениет мәселесіне келгенде, қазіргі күн­де ақпаратты тарату мен алудың, жариялау мен жеткізудің жаңа технологиялар да­мы­ған заманында журналистік этика мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. Мәселен, жур­на­листер арасындағы кәсіби этикалық талаптар көп жағдайда сақтала бермейді.
– Ал болашақта елімізде қоғамдық арнаның құрылуы, ашылуы мүмкін жағдайда сіздер қандай көзқарасты ұс­танып, пікір танытар не қолдау көр­сетер едіңіздер?
– Біз кез келген байланысқа, ын­ты­мақ­тас­тыққа әзірміз. Мысалға айтайын, бұрынырақта «Азаттық» десе, атынан шо­шитын, ат-тонын ала қашатын жағдайлар бол­ды. Бүгінде, құдайға шүкір, бұл жағдай өзгерді деп отырмыз. Өз тарапымыздан еліміздің ақпарат құралдарының дамуына, қоғамдық қызметін атқаруына барынша көмек­тесуге дайынбыз. Әр уақыт шығар­ма­шылық ынтымақтастықты қолдаймыз.
– Әңгімеңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста