Дүр Оңғар мұрасы дәріптелді

Дүр Оңғар мұрасы дәріптелді

Өнерсүйер қауым Қызылорда өңірін «Сыр елі – жыр елі» деп тегіннен-тегін дәріптемейді. Көмейінен ағыл-тегіл жыр ақтарылған өлкеде ғибраты мен өнегесі мол ерекше дарындар аз болмаған. Артына мол мұра қалдырған сүлейлердің бірі – Дүр Оңғар Дырқайұлы.

Қорқыт атаның жамбасы жерге тиген Қармақшы жерінде Алаштың ардақтысына айналған сүлейдің 150 жылдығына арналған мерейтой кең ауқымда аталып өтті. Сыр сүлейінің соңында қалған ұрпағы аудан орталығынан еңселі ескерткіш орнатты. Елімізге белгілі ғалымдардың бас қосуымен «Дүр Оңғар Дырқайұлы және Сыр өңіріндегі ақындық-жыршылық үрдіс мәселелері» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Қазақстанның әр қиырынан келген айтыскерлер «Барымды базар етейін» атты айтыстың көрігін қыздырды. Жыр додасына талай айтыста шашасына шаң жұқтырмаған Бекарыс Шойбеков, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов сынды жыр жампоздары қатысқан өнер бәйгесінде жалағаштық жас ақын Айдос Рахметов бас бәйгеге ие болды.

Кезінде атақты шайырдың шығармалары жұрттың көзінен таса қалып келді. Осының салдарынан барша жұртшылықтың ол жайындағы мағлұматы аз еді. Үш күнге созылған ұлан-асыр той ұлтымыздың ұлық тұлғасын кең көлемде дәріптеуге жол ашты. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста