Дулати жайлы деректер әлі толық ашылған жоқ

Мұхтар ҚАЗЫБЕК, Мұхаммед Хайдар Дулати қоғамдық қорының төрағасы:

– Мұхтар аға, өзіңіз жетекшілік ете­тін қоғамдық қордың мақсаты мен міндетіне тоқталсаңыз, жалпы қоғам­дық қор қалай құрылды?
– 1998 жылы Мұхаммед Хайдар Ду­латидің 500 жылдық мерейтойы қар­са­ңын­да аталмыш қор құрылды. 1999 жылы ға­лымның мерейтойын дүниежүзі көле­мін­де атап өту туралы Юнеско тарапынан ше­шім қабылданды. Шешімнің қа­был­да­нуына тікелей атсалысқан Қазақстан Рес­пу­бликасының Президенті Нұрсұлтан На­зар­­баев болатын. Ал ЮНЕСКО-ның штаб­­-пә­­те­рінде бұл мәселенің басы-қа­сында жүр­­ген Иманғали Тасмағанбетов еді. Алып қарасақ, шын мәнінде, Мұ­хам­мед Хай­дар Дулати тарихымызға әл-Фа­ра­­биден кейін оралған ойшыл ғалым болатын. Әл-Фараби қазақ жеріне 1973 жы­лы ғана оралды. Оған себеп­кер­лер қа­зақ­тың ғалымдары, жазушылары бол­­ды. Әсіресе Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы мен жазушы, ға­лым Ақ­жан Машанов еді. Шын мәнінде, әл-Фа­раби IX ғасырда өмір сүрсе, одан бер­тін­гі кезеңдердегі қазақ тарихы ашық, бос тұр­ғандай әсер қалдыратын. Сол бос ара­лықта «ғалымдар болды ма, болмады ма, егер болған болса, олар бізге неге бел­гісіз?» деген сұрақтар маза­лай­тын. Сондай кез­дерде ғалымның тарихи ең­бегінің жа­рық көріп, бізге жетуі үлкен мә­дени-та­ри­хи құбылыс болды. Мұ­хам­мед­тің негізгі ең­бегі «Тарих-и Рашиди» деп аталады. Қа­зақша мағынасы «Хақ жолын­да­ғы­лар­дың тарихы» дегенге саяды. Ол еңбек пар­сы тілінде жазылды. Себебі парсы тілі сол кез­де Орталық Азияда халықаралық тіл бо­лып есептелді. Әкесінің билік жүргізген же­рі Ташкент өңірі болғандықтан, ол Мұ­хаммедтің туған жері деп жазылып жүр. Ал қордың мақ­саты Мұхаммед Хайдар Ду­ла­тидің мұраларын насихаттау, ау­дару, баспадан шығару болып та­былады. Сон­дай-ақ ғалымға қа­тысты де­рек­терді жи­нау, ха­лықаралық эн­­циклопедия жасау мә­се­ле­лерін айта кету керек. Бүгінгі таңда ғалымның еңбектері көп­теген елдерге та­ралып жа­тыр. Бұл кісіні 1895 жылы ең алғаш рет парсы тілінен тікелей ағыл­шын­дар аударып, мо­йын­дай бастады. Оны не үшін ау­дарды деп сұрасаңыз, олар Үн­діс­танды отарлап жатқан ел бол­ғандықтан, Шығыс Түр­кіс­танды М.Х.Дулати еңбектері ар­қылы зерттегісі кел­ді. Сол кез­дер­де М.Х.Ду­латидің еңбегі олар үшін таптырмайтын қа­зы­на бол­ды.
– Ғалымды танытуда қан­­дай прин­циптерге сү­йен­діңіздер? Түркі әле­мі­нің ғалымын әлемге мо­йын­да­ту­­да белгілі дәрежеде қиыншылықтар туын­да­ма­ды ма?
 – М.Х. Дулати тек қазаққа ғана емес, дүйім түркі халықтарына да аса қажет. «Санат» баспасында қызмет етіп жүрген кезімде, біз 1999 жылы Үндіс­танның Каш­мир қаласына үкі­меттік де­ле­гация ұйым­дастырып, ға­лым­ның 500 жыл­дығын атап өттік. Жос­па­рымыз қоғам қай­раткері Асан­бай Ас­­қа­ровтың бас­та­ма­сымен жү­зеге асы­рыл­ды. Деле­га­цияның құ­рамында Уә­ли­хан Бішімбаев, Әбсаттар Дер­бісәлі, Ас­қар Әбдуәли, Мүсілім Да­йыр­­бековтер болды. Мұ­хам­медтің мұ­ра­лары туралы Дели уни­вер­ситетінде, Каш­мир қаласында да кез­десулер өткіздік. Сон­дай-ақ Каш­мир­де «Пат­шалар зи­раты» деген жерде М.Х.Дулати жер­лен­ген екен. Каш­­мир­лік­тер соншама жыл өт­кен­нен ке­йін ға­лымды іздеп кел­ген бізге таң­ға­лыс­ты.
– «Тарих-и Рашиди» деп аталатын ең­бектің қазақ тарихына қандай қа­тысы бар?
– Жалпы, бұл еңбекті жанры жағынан алып қарайтын болсақ, әдеби-тарихи, ме­муарлық-танымдық еңбек деп есеп­теуіміз керек. Өйткені еңбек екі жа­рым-үш ғасырға жуық аралықты қамтып,  Үн­діс­танды жаулап алуымен аяқ­та­лады. Оның еңбегіндегі ең маңызды фак­тор ол алғаш рет Үндістанның астанасы Каш­мирде «Жәнібек пен Керей 1465 жы­лы Шу бойында хандық құрды. Сөйтіп, ал­ғаш рет қазақ сұлтандары қолына билік ал­ды» деп қазақ хандығының құрыл­ған­дығын жаз­ған екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста