Достан да, дұшпаннан да көңіл қалды - Жарқынай Ханайым
Әнші әрі актриса Жарқынай Жанайым өзін мазалаған ойымен бөлісті. Ол бизнесте әлдекіммен серіктес болу кезінде заңды бірінші орынға қою керектігін, осы орайда достан да, дұшпаннан да көңілі қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Соңғы кездердегі ой: Неге адамдар өзін ғана ойлайды? Сен өзіңді ғана бағалап, өзіңді ғана ойлап бастағаныңда сені бағалай бастайды. Психологтардың айтқанына сенбейін десең дәлел. Өзіңді биіктетіп, құрметтеуінен басқа амал қалдырмасаң ғана ізет көресің. Қызық.
Мен енді ешкімді жүрегіме жақындатпаймын деп шештім. Осыған дейін жақын адамдарым бар шүкір. Соларым аман болса болды. Достан да, дұшпаннан да көңіл қалды. Бизнесте тек қағаз, заң бойынша келісімшартқа көніңіз. Энергияңызды, уақытыңызды тек бағаланатын бағытқа жұмсаңыз", – деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.