Дос болу – үлкен жауапкершілік

Дос болу –  үлкен жауапкершілік

Бүгін – Халықаралық достар күні. Бұл күн – шынайы достардың күйбең тіршілікте бір уақ бір-бірін еске алып, құттықтауы үшін белгіленген мереке. Осы мейрамды пайдаланып, біраз уақыттан бері кездесе алмай, басқосуға уақыттың ыңғайы келмей жүрген достар жиналып, өткен-кеткенді еске алуларына мүмкіндік туады. Достық – адами сезімдердің ең биігі. Дос бола білу – үлкен жауапкершілік. Достық жайлы әркімнің пікірі әрқилы. Осындай пікірлердің бірнешеуіне назар салып көрейікші. Мүмкін сіздің де достық туралы ойыңыз төмендегі пікірлерімен тоғысып қалар...

Тұңғышбай әл-ТАРАЗИ, ҚР халық әртісі:
– Достық пен махаббат – Ал­ла Тағаладан ке­ле­­тін қасиет қой. Мен шын дос­тық пен шын ма­хаб­батты ай­тамын. Әйт­песе, қа­зіргі кездері та­ры­сы піскен жер­дің тауық-дос­тары, есепті күй­еу мен төсекті жар­лар жетіп артылады ғой. Дос­тың үш түрі болады дейтін менің атам Жаманқұл-рахымелі, ол – тұмсықтан қан шыққанша, қал­тадан мал шыққанша, кеуде­ден жан шыққанша. Ал өнерден дос табу мүмкін емес екен. Осы тұрғыдан келгенде, менің достыққа деген талабым тым биікте, махаббат жайлы пікірім тіпті аспанда!

Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
– Меніңше, жас кезде ерлік жасауға да, қыл­мысқа да, ұр­лыққа да бірге баратын сенімді достар көп бо­лады. Менің де жас кезімде дос­тарым көп бо­ла­тын. Жасым ұл­ғая келе, бірте-бір­те достарым азай­ды. Қазір бір ғана досым бар. Атын айтсам, одан да айырылып қалам ба деген қаупім бар. Кей достарым үлкен бастық болып, шенге ие болғанда олардан көңілім қалды. Басшы достармен дос болудан өзім бас тарттым. Мен өз басым орыстілді қазақтармен дос бол­дым. Олардың тілге, басқа да мәселелерге байланысты қате позицияларын айтам деп, дос емес, жауға айналдым. Сон­дық­тан достарды өмір өзі іріктеп бе­реді деп ойлаймын.


Уәлибек ӘБДІРАЙЫМОВ, сатирик:
– Егер мың досың болса, бұл аз. Бір дұшпаның болса, бұл көп. Сондықтан дос­тың көп бол­ға­ны жақсы. Дос­тық­тың екі түрі болады. Бірі – адал достық, ек­ін­­­шісі – амал дос­тық. Адал дос­тық өмірлік нұс­қа бо­ла­ды, амал достықтың өрісі қыс­қа бо­ла­ды. Достардың арасында еш­қашан жалған әңгіме, өтірік болмау керек. Менің достарым көп және мен достарыммен мақтанамын. Мектептегі және студенттік кездегі достарыммен әлі күнге дейін ара­ласып тұрамын. Достарыма барынша адал болуға, қуанышына қуанып, қай­ғысына ортақтасуға тырысамын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста