Дина Нұрпейісова туралы 10 дерек

Дина Нұрпейісова туралы 10 дерек

Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ халқының мәдениет қайраткері Дина Нұрпейісованы жасынан өнер қонған ерекше қабілетті дарын иесі деп атауға болады. Оның бұл дарынын алғаш байқаған әкесі екен. Бірде ол Динаға әпкелері ән салған кезде, оларды домбырамен сүйемелдеуін өтінеді. Оның домбырада ойнауы ата-анасының көңілінен шығып, олар Динаның музыкаға деген құштарлығын жан-жақты қолдап отырды. Дина 9 жасында Дәулеткерей, Мүсірәлі, Байжұма сияқты күйшілердің шығармаларын бұлжытпай орындайтын болды.
Дина Нұрпейісова.
 Отбасы
Дина Кенжеқызы 1861 жылы Батыс Қазақстан облысы қазіргі Жаңақала ауданының Нарынқұм жерінде дүниеге келген. Малшылықты кәсіп еткен әкесі домбыраның құлағында ойнаған болса, анасы Жәниха және екі үлкен әпкелері әнді тамылжыта айтатын шебер әншілер болған деседі.
Ұлы ұстазбен алғашқы кездесу
1870 жылы атақты күйші Құрманғазы қыздың ауылына келеді. Бұл уақытта Динаның күйшілік өнері жайлы әңгімелер елге тарап үлгеріп еді. Сондықтан Құрманғазы талантын сырттай естіп, әдейі жас қызды іздеп келіп, өзіндік бағасын беруді ойлайды. Қыздың өнеріне тамсанып, ақыры оны өзі баули бастайды. Осылайша тоғыз жыл бойы Дина Құрманғазыдан күйшілік өнердің қыр-сырын меңгерді.
Алғашқы туындылары
Осы жылдары ол өзінің тырнақалды шығармаларын дүниеге әкелді. «Бұлбұл», «Байжұма», «Көген түп» атты күйлері Динаның дарынды композитор екенін дәлелдеді.
Тұрмыс құруы
Дина 19 жасқа толғанда Нұрпейіс Мақатұлына тұрмысқа шығады. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кетеді. Қазақтың дәстүрімен атасының атын атай алмаған жас келін өз тегі ретінде күйеуінің атын жаздырған екен.
Дина ұзатылғанда әкесі оған қара қасқа ат сыйлапты. Толқыған Дина әкесінің құрметіне «Қара қасқа ат» атты күйін дүниеге әкелді.
1885 жылы Динаның аяғы ауыр кезде Нұрпейіс дүниеден өтті. Қазақтың әмеңгерлік дәстүрі бойынша ол күйеуінің кіші інісі Нұралыға тұрмысқа шығады. Нұралыдан он құрсақ көтереді, дегенмен, олардың көпшілігі аштық пен аурудан шетінеп кеткен.
Он алтыншы жылға арналған күй
1916 жылы Ресей патшалығы 18-49 жас аралығындағы қазақ азаматтарын елдің қарсылығына қарамастан күштеп әскерге ала бастайды. Дегенмен, майданға байлардың балаларының орнына кедей-шаруалардың балаларының жіберілуі – көтерілістердің басталуына түрткі болады. Әскерге алынғандардың қатарында Динаның ұлы Жұрынбай да бар еді.
Осы дүрбелеңнен кейін, 1917 жылы патша құлағанда басқа ақын-сазгерлермен бірге Дина да бірнеше күй шығарды. Дегенмен, оның «Он алтыншы жыл» атты күйі қуаныш пен шаттық сарынын арқау етуімен ерекшеленеді.
Даладағы аштық
Аштық жайлаған 1922 жылы Динаның отбасы Каспий теңізі жағалауына көшіп, Астрахан облысы Марфин ауданы Козлово ауылында тұрақтайды.
Мойындау
1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен домбырашы Смағұл Көшекбаев Динаны Алматыға алып кетеді. Сол жылдың күзінде Алматы қаласында ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында Динаға ресми түрде сый-сияпат, құрмет көрсетілді. Ол өзінің «Бұлбұл», Құрманғазының «Төремұрат»  пен    «Қайран шешем» атты күйлерін шебер орындағаны үшін ең алғашқы сыйлығын алды.
Осыдан кейін Дина Қазақ филармониясына жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады.
Жамбыл Жабаев пен Дина Нұрпейісова
 
Мәскеудегі жеңіс
Ол 1939 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді.  2000 қатысушы арасынан таңдалып алынған 9 үздік өнерпаздың бірі болды.
Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына арқау етті.
1944 жылы 83 жастағы Дина Ташкентте өткен Орта Азия республикалары музыкасының 3-ші онкүндігінде өнер көрсетті. Сол жылы ол (Қазақ ССР-інің халық әртісі» атағын иемденді.
Ал, 1945 жылы соғыстың аяқталуына орай «Жеңіс» күйін жарыққа шығарды.
Дина Нұрпейісова мен Күләш Байсейітова ©munara.kz
 
Немерелері
Соғыстан кейін Дина соғыста көз жұмған ұлы Жұрынбайдан қалған Ақжан, Балжан және Гүлжан атты немере қыздарын өз қамқорлығына алды.
Соңғы концерт
Дина Нұрпейісова халық алдына соңғы рет 1952 жылы 91 жасында шықты.
1955 жылдың 31 қаңтарында ұлы күйші дүние салды. Оның жасы сол кезде 94-те болатын. Дина Кенжеқызы Алматы қаласының орталық зиратында жерленген.
Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасына айналды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста