Димаштың жүрегін жаулаған арудың актриса екені рас па? (фото, видео)
Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергенге миллиондаған қыздардың ғашық екені анық. Әншінің атағы көтеріле бастаған сәтте-ақ табынушылары оның сүйіктісі туралы іздене бастаған болатын. Сол уақытта желіге Димашпен сурет жүктеген Нұрсәуле Әубәкірова атты қыздың есімі де біраз танылып қалған. Жұрт әншінің ғашығына балаған ару туралы видео Youtube желісіне де жүктелген еді деп хабарлайды NUR.KZ.
Қытайдың БАҚ өкілдері жариялаған ақпараттан соң, Нұрсәуле өз парақшасын өшіріп тастады. Алайда бойжеткеннің ғашығымен түскен суреттері ғаламторға тарап үлгерген болатын.
Сол уақытта жұрт Димаш Құдайберген мен оның сүйіктісі арасындағы қатынасты біткен деп топшылаған еді.
Біраз уақыттан соң Нұрсәуле Әубәкірованың есімін жұртшылық қайта ести бастады.
Астанадан арнайы шақыртылған ару "Хабар" телеарнасының тапсырысымен түсіріліп жатқан "Тағы да сүй" атты телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдайтын болып шықты.
Бұл ақпаратпен сериал режиссері Асхат Мұсабай "Хабар" арнасына берген сұхбатында бөлісті.
Жас актрисаның Димаш Құдайбергенмен қандай қарым-қатынаста екені әзірге белгісіз. Алайда, желі қолданушылар әнші мен Нұрсәуленің әлі де кездесіп жүргенін жазуда.