Димаш Құдайбергеннің аяғы ауыратын кейуанаға көрсеткен құрметі көпшіліктің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.
"Кішіпейілділік пен қарапайымдылық - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Бұл екі қасиет адамның барлық іс-әрекетінен, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен де аңғарылып тұрады", - деп жазған видеоны жария еткен toiduman.kz парақшасы.
"Өте мәдениетті азамат. Жарайсың, биіктерден көріне бер", "Тəрбиелі азамат екені ылғи көрініп тұрады", - деп мақтауларын жаудырды желі қолданушылары.