Жақында ғана Азияның ең тартымды ер азаматы атанған Димаш Құдайберген имиджін өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қытайда жүрген әнші жаңа фотосымен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Суретте әншінің шашы, сақал-мұрты өсіп кеткен.
"Қытайдағы карантин стайл", – деп жазды Димаштың өзі. Әншінің фанаттары суретті бірден талқыға салды.
"Шашыңды алмасаң да, қырынбасаң да болады. Бәрібір ел жақсы көретін Димаш болып қаласың", "Көзге үйреншіксіз, бірақ сонда да сымбаттысыз", "Қандай әдемі", "Сен ғажапсың", "От – еркек", "Адам танымастай өзгерген", "Әп, бәрекелді", "Әлеуметтік желіге бір түн ғана кірмесең, осы", – деп жазды фанаттар.
Айта кетейік, жақында Димаш Қытайға қайта оралғанын хабарлаған еді. Кей ақпарат көздері өнерпазды Аспан асты еліне біржола көшті деп беруіне байланысты, Димаштың анасы Светлана Айтбаева пікір білдірді. Сондай-ақ Димаш жақында “Азияның ең сымбатты ер азаматы” атанды.
Stan.kz