Әнші Ділназ Ахмедиева Instagram парақшасына сүйіктісінің суретін салды. Суретте әнші Азильдо есімді жігітті құшақтап, бетінен сүйіп тұрды.
Лос -Анджелесте әншілер сайысына қатысып жүрген Ділназдың сүйіктісін көрген желі қолданушылары ол үшін қуанышты екендерін жеткізіп, екі жасқа ақ тілектерін жазды.
"Ділназ, сүйіктіңізді жолықтырғаныңызға шексіз қуаныштымын! Бақытты болыңыздар!", "Өте жарасымды жұп!", "Сізге әйел бақытын тілеймін! Бақытты болыңыздар!", "Жігітіңіз өте сүйкімді екен",- деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, Ділназ Ахмадиева Лос-Анджелестегі Isina Music конкурсына қатысып жатыр. Әнші бұл сайыста ешқандай жеңімпаз болмайтынын және қатысушы өнерпаздардың тәжірбие алмасып, шеберлігін ұштайтынын айтқан болатын.