«Дидар» дегеніне жете ме?

«Дидар» дегеніне жете ме?

 

Өткен жылдардағыдай емес, қазір кино саласында сең қозғалып, әйтеуір, аз да болса алға жылжу байқалады. Соның бір дәлелі – осымен бесінші жыл қатарынан жас киногерлердің арасында DIDAR атты республикалық жастар кинофестивалі өткізіліп келеді. Ол биыл 16-17 сәуір күндері Алматы қаласындағы «Родина» кинотеатрында өтеді.

Кинофестивальдың бастамасы ретінде сәуірдің 14-і күні «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігінің баспасөз орталығында байқаудың ұйымдастыру алқасы: қазылар алқасының төрағасы, киносыншы Бауыржан Нөгербек; кинофестиваль директоры, жоба авторы Дәурен Мұхамеджанов; АRT-директоры, іріктеу комиссиясының төрайымы Нәзира Мұқышева және қазылар алқасының мүшесі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰҚ АҚ-ның бас редакторы, жазушы Дидар Амантай БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Дәурен МҰХАМЕДЖАНОВ, кинофестиваль директоры, жоба авторы:
– Бес жылдық тарихы бар бұл фестиваль осы уақыт аралығында еліміздегі өнерге өз үлесін қосқысы келетін талапты жастарға біршама серпіліс пен үміт берді. Ең алғаш ол шағын топта, бір оқу орнының өз ішінде ғана өткізілсе, келе-келе ауқымы кеңейіп, міне, республикалық деңгейге жетті.

Белгілі киносыншы Бауыржан Нөгербек бастаған қазылар алқасы наурыз айының 1-інен бастап келіп түскен 146 жұмыстың ішінен сұрыптай келе, соңында 86 туындыны іріктеп алыпты. Олар өз кезегінде осыған дейінгі төрт жылмен салыстырғанда, биыл байқауға ұсынылған жұмыстар саны артып, географиялық аумағының да кеңейіп, сондай-ақ туындылардың бағыты мен жанры жағынан түрлене түскенін асқан ризалықпен айтып өтті. Өз елімізді былай қойғанда, тіпті Қырғызстан мен Тәжікстан сынды көршілес елдерден де ары Оңтүстік Кореядан да туындысын ұсынған талапкерлер табылса керек.

Нәзира МҰҚЫШЕВА, кинофестивальдың АRT-директоры, іріктеу комиссиясының төрайымы:
– Мені қуантқаны – жұмыстардың санынан гөрі сапасы. Яғни жанрлық жағынан да, бағыты жағынан да әр алуан туындыларды көріп, кәдімгідей риза болдым. Авторлық киноға деген талпыныстар байқалады. Осыған белгілі бір деңгейде қазіргі қарыштап дамыған телевизия саласының әсері бар ма деп қалдым. Сонан соң бұрнағы жылдармен салыстырғанда, биыл деректі фильмдер де көбірек келді. Былтыр олар тіпті аз болған. Осы жылы өте өзекті деген әртүрлі тақырыптарды арқау еткен деректі фильмдер көп. Сондай-ақ өткен жылы бізге анимациялық фильм де түспеген, есесіне биыл олардың саны өте көп.

Бауыржан НӨГЕРБЕК, қазылар алқасының төрағасы, киносыншы:
 – Басында тек Өнер академиясының ішінде ғана басталған кинофестивальдың аз уақыт ішінде республикалық сипат алғаны – таңғаларлық әрі сүйсінерлік жайт. Бұл байқау – талапты да талантты жастардың кино әлемінде өз қолтаңбаларын көрсетуге есік ашып беретін үлкен мүмкіндік. Осы арқылы, бәлкім, біз, шын мәнінде, қазақ киносын алға жылжытатын шын дарын иесін табатын шығармыз?.. Ал ол әбден мүмкін. Бір ғана мысал, таяуда ғана тұсаукесері болған «Рывок» фильмі былтыр бізге қатысып, жақсы баға алған қысқа метражды фильм болатын.

Атап айта кетерлік тағы бір жай – қазылардың құрамында былтырғы DIDAR-2009 IV Республикалық жастар кинофестивалінің бас жүлде иегері, жас режиссер Әділхан Ержанов та бар. Бұл аталған байқаудың өз жеңімпаздарымен ұдайы байланыста болатындығын аңғартса керек. Өткен жылы өзінің «Риэлтор» атты қысқа метражды фильмімен ең үздік нәтиже көрсеткен Әділхан Ержановқа кинфестиваль жүлдесімен қатар, осы жобасын «Қазақфильм» киностудиясында түсіруге жолдама берген. Бұл фестивальдың да ең пайдалы тұсы осы болса керек.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста