Диана Тәшімбетованың әлдебір еркекпен аймаласып отырған видеосы тарады
"Ғалам аруы Қазақстан - 2022" номинациясы бойынша жеңімпаз Диана Тәшімбетованың ерсі видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
19 жастағы Диананың жасы үлкен еркекпен аймаласып отырғаен видеосы ресейлік телеграм арналарда таралған.
Телеграм арналардағы ақпаратқа сай, Диананың бұл видеосы ол «Мисс Қазақстан - 2022» байқауына қатыспай тұрып, Дубайда түсірілген. Ол екі баласы бар үйленген еркекпен жүрген және өз құрбысының жігітін тартып алған көрінеді. DALA INSIDE дереккөзі видеодағы ер азаматтың Қазақстанда үлкен бизнестің иесі екенін растайды.
Осыған орай қазақтілді фейсбукта Диана Тәшімбетованы «Ғалам аруы Қазақстан – 2022» титулынан айыру, оның Қазақстан атынан халықаралық байқауларға қатысуына жол бермеу туралы петициялар пайда болды. Бірақ, DALA INSIDE ақпаратынша, «Мисс Қазақстан - 2022» ұйымдастырушы комитеті дер кезінде Диана Тәшімбетованы тәжінен айырған. Бұл – дұрыс қадам болды. Себебі, байқаудың өзіндік этикалық нормалары бар.
Болашақта осындай байқауға үміткер қыздардың тазалығы, өткен өмірі, немен айналысатындығы жіті тексерілмек. Себебі, эскортпен айналысатын қыздар осындай байқауларға үйірсек келеді. Оның нақты материалды себебі бар. Титулы бар қыздар бұл нарықта қымбат бағаланады. Және бай олигархтың ашынасы болуға мүмкіндіктері жоғарылай түседі, деп жазды аталған телеграм арнасы.
Еске салсақ, Мисс Қазақстан атанған ару Диана Тәшімбетова байқаудан соң бірер апта өткеннен кейін әлемдік деңгейдегі конкурсқа қатыспақ түгілі тәжінен айырылып қалған еді. Ұйымдастырушылар тарапынан түсініксіз себептермен Ғалам аруына қатыстырмай қоюына Астарлы ақиқат бағдарламасына келіп шамданған ару байқау төңірегіндегі түрлі былықты жайып салған. Ол Алматыдағы элита санатынадағы мейрамханалардың біріне сол кездегі кастинг директоры Гүлжан Дәулетова финалға жеткен 12 аруды шақырғанын, конкурстан кейін қыздар сол жерге жабық кешке барған туралы айтқан. Диананың сөзінше отырыс барысында үлкен жастағы белгісіз ер азаматтар қыздармен уақыт өткізгісі келген.