…депті

…депті

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..

«Сәбең мен Қапан Сатыбалдин»
Жазушылар одағында болған бір жиналыста Қапан Сатыбалдин:
- Сәбит Мұқановтың өлеңдері нашар, Сәбит ақын емес, - дейді.
Сонда Сәбең ашу шақырмай:
- Қапан дұрыс айтады, мен де Қапанның жасында Абай ақын емес дегенмін, - депті.
Өлтіретін адамның даусына ұқсамайды...
Оспанхан Әубәкіровтің «Эзоптан Ісләм Шұғаевқа дейін» деген фельетоны газетке шыққан күннің ертеңіне көшеде Ісләм Шұғаев кездесе кетеді де, оған алғыс айтпақ болып тұра ұмтылады. Ұрысқалы келе жатыр деп ойлаған Осекең тұра қашады. «Оспанхан-ау, тоқтасаңшы, тоқта!» деп Ісләм артынан қуа жөнеледі.
Осекең қарсы алдынан кездесе кеткен бір танысына мән-жайды қысқаша түсіндіреді де: «Тоқтасам тоқтайын, дауысы өлтіретін адамның даусына ұқсамайды» деген екен.
«Ініне қайта кіріп кетеді...»
Біздің танысымыз бар. Анда-санда жиын-тойда, дастархан басында кездесіп тұрамыз. Әлгі пірадар өзі бір ақкөңіл жан, аузын ашса көмекейі көрінетін кісінің нақ өзі. Сөзінің бісмілләсі «Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады» деген мәтелден басталады. Әрі мұны өзі өте жиі қолданады. Сосын көбірек сөйлеп кеткен кезде қасында отырған зайыбы аяғын басып қалады, ол қоя қояды. Бір жолы ол осылайша ұзақ сөйлеп кетіп тағы да «жылы-жылы сөйлесе...» дей бергенде әйелінің біз өкшесі аяғына қатты батып кетсе керек, жалма-жан «жылан ініне қайта кіріп кетеді» деп жұртты қыран күлкіге батырғаны бар.

Сәлеміне жауабы
«Балақаев ауырып қалды»
«Самтрест» пен ақын
Ақын сүйсе несі айып?
Сан сапаға жеткізеді 
Жетеу мен екеу
«Бір нөлін алып тастай сал» 
Қасым неге сыналды?
Садықбектің өлеңі
Мұз еріп, тұман түсті
Өлеңнің «Төлеуі»
Жүйрік машина
Маралтай ақынның «...дегендері»
Ашу қысса
Менің басым қайда кеткен?...
Дарқан мінез
Аптаның әр сейсенбiсiнде өтiп тұратын
Зекеңнің ашуы
Қайталанған қате
Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста