…депті

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырмандары! Біздің сайттағы  «... ДЕПТІ» айдарында бұдан былай сіздердің назарларыңызға халық арасында айтылған әзіл-шыны аралас әңгімелер мен кей қалжыңқойлардың оқыстан, дер кезінде дөп басып айтқан сөздерін кезең-кезеңімен ұсынатын боламыз..

Қайталанған қате
Көп жылдар бойы республикалық баспасөзде жауапты қызмет атқарған Ықсан Есетовке бірде редакцияның бір қызметкері мақаласы ішіндегі «артель уставын бұзушылық жойылсын» деген сөйлемнің орнына байқамай «артель уставы жойылсын» деп жазып алып барыпты. Қарт журналист әлгіні оқыпты да:
 –  Қарағым, сен де менің қатемді қайталаған екенсің, – депті кеңк-кеңк күліп. – Мен ертеректе бір мақаламда «сауатсыздық жоюдың» орнына «сауатсыздар жойылсын» дегенді жазып, талқыға түскен едім.
Биіктік
Отан соғысының әйгілі партизаны Қасым Қайсенов бірде өзінің жеке меншік машинасымен тау бөктеріне қарай серуенге шығыпты. Адам бейнет шегейін десе аяқ астынан емес пе, бөктер жолмен келе жатқан машина 3 метр терең жарға аунап кетеді. Абырой болғанда Қасекең қатты жарақаттанғанымен тірі қалады. Қып-қызыл ала қан болып емханаға түседі.
Мұны естіп,жылап-еңіреп құрдасы Сырбай Мәуленов жетеді ғой. Сырбай мән-жайды, қалайша мұндай кейіпке тап болғанын сұрайды.Қасым рухы берік жан ғой. Егіліп отырған Сырбайға сыр білдірмей, қарабайырлап жағдайды айта бастайды: «Содан ойда жоқта 3 метр құлама жардан аунап-ақ кеткенім!» – депті.
Сонда күйзеліп отырған Сырбай көзінің астымен сүзе бір қарап алып:
– Бәрекелді, Қасеке-ау, сіздің дардай атыңызға 3 метр деген ұят қой. Бұл сөзіңізді мен ғана естиін. Менен басқаға 30 метрден құладым деңіз,– деген екен.
КейінҚасекең жазылып шығады. Күндердің бір күнінде Сырағаңды көшеде мотоцикл қағып кетіп, емханаға түседі. Мұны естіп енді Қасым көңіл сұрай келеді.
Көңіл сұрап отырып Қасекең:
– Әй, Сырбай, сен бұл әңгімені менен басқаға айтпа, ұят болады; түйедей Сырбайды торпақтай мотоцикл қақты деген не сұмдық. Сен жұртқа КамАЗ қағып өтті де, сонда жарасады,– деген екен.
Тына қалды
Комитет төрағасы Николай Ильич Акуев мінбеде депутаттар сауалына жауап беріп тұрады. Бір депутат өз сауалын қайта-қайта қойып, тықақтап болмапты. Мәселенің орынсыз екендігін жұрттың бәрі біліп отырады. Әйтсе де комитет төрағасы Николай Ильич сыпайылық сақтап, орысша сауал қоюшыға бар дәлелдермен орысшалап әлденеше рет түсіндіріп бағады. Бәрібір анау  болмағасын, «Бүйректен сирақ шығара бергеніңіз не? Адамды шаршаттыңыз ғой»,– деп қазақшалап жіберген екен, қарсыласы таңғалып, сілейіп отырып қапты.

Май мен су
Рақымжанның ренжіші
Шетен қалпақ
Тапқыр жауап
Жаман Хама
Өкше басар іні
… депті жинағының сілтемесіне басыңыз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста