"Денсаулығы әлі тәуір емес": Шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерман елдегі айтыстардың бірінде төбе көрсетті (фото)

"Денсаулығы әлі тәуір емес": Шетелде емделіп жатқан Жүрсін Ерман елдегі айтыстардың бірінде төбе көрсетті (фото)

Сырқатына байланысты Еуропада емделіп жатқан Жүрсін Ерман қайтадан айтысты бой көрсетті. Бұл туралы кәсіпкер Дулат Тастекеев өз парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жанкештілік емей немене? 72 жасында сынақ қып берген сырқатты сырғытып артқа тастаса да, ұзақ алған ем-домнан кейін толық қалпына келіп үлгермеген Жүрсін ағамыз айтыс алаңына келіп, жарқ етіп, жастарға жалын бергендей болды. Ол кісіні көрген кез-келген құлыншақтың көсіліп шауып, Жүрсіннің жүйріктері қатарынан орын алғысы келері анық. Бүгін жастар арасындағы жүйелі түрде өтетін айтыстың 1-ші күні немесе туры басталды. Ертең түстен кейін Алатау дәстүрлі театрында жалғасын таппақ. Айтысқа деген шынайы да нағыз көңілі болмаса, осындай батырлықты Жүрсін ағамыздың істемесі анық. Әркімге шыбын жаны тәтті ғой. 

Ақылдылығымен абызға айналған ағамыздың бүгінгі бұл қадамын мен ешқандай аңқалдық емес, саф өнерлеріміздің маржаны айтысқа деген махабатының дәлелі деп танимын. Сөйлеген сөзімде: "Соңғы 50 жылға жуық жасаған қызметі үшін Жүрсін ағамызға айтыс та, яғни қазақ та қарыздар",- дедім. Артық кеттім деп ойламаймын. Қолдарсыздар. Ағамыздың денсаулығы да әлі толыққанды тәуір емес. Дегенмен жігері жұқалмаған. Айтыстың қара нары -Жүрсін Ерманға бақытты да аман-сау ұзақ ғұмыр тілеп қойыңыздаршы", - деп жазды Тастекеев. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста