Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстандағы ең бірінші әлемдік додаға қатысқан мәнерлеп сырғанаушы. 2013, 2014, 2015 жылдары Астана және Алматы қалаларында Қазақстанда ең алғаш рет мұз үстінде сырғанаудан шоу ұйымдастырған. Оған шетелдік мәнерлеп сырғанаушы жұлдыздар қатысқан.
Денис Тен мәнерлеп сырғанауға келмей тұрып түрлі жолдан өткен, акробатика, жүзу, теннис, каратэ, таэквандо, би, көркем сурет үйірмесі, хор, музыкалық мектептерге барған. Ол спортшы болмаса, музыкант болар еді. Ата-бабасы Кореялық болған. Атасының атасы Минг Хен-Ко Жапониядан азаттық алар тұста Корей әскерінің генералы болған.
Анасы бүкіл өмірін Денис Тенге арнаған жан. Мамандығы скрипкашы болса да, уақыт өте келе мәнерлеп сырғанаушыға айналған. Кішкене кезінде сырғанайтын жер болмағандықтан даладағы мұзда жаттыққан. Мұзға деген махаббаты күннің суығына қаратпады. Анасы 4-5 қабат киім кигізсе де, қырыққабат сияқты сырғанай беретін болған.
Бір кездері спорт үшін отбасы екі жақта бөлек тұруға мәжбүр болған. Денис анасымен Мәскеуге көшеді, ал ағасы әкесімен Алматыда қалады. Қазақ тілі курсына қатысып жүр.
Қазақ тілін білмесе де, Қазақстанның нағыз патриоты. Өзгелер Қазақстанды танымағанына өте намыстанып, елді танытуға күш салып жүр. Оны басқа шетелдегілер фамилиясымен емес, "Қазақ Денис" деп атайды. Аяқ астынан жолы болып, Ресейдің де, Американың да атақты жаттықтырушыларынан сабақ алған.
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен қайтыс болды. Бүгін оны көлік ұрлап жатқан екі адам пышақтап кеткен болатын.
Оқиға 19 шілдеде күндізгі сағат 15:00 шамасында Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Белгісіз екі жігіт Денис Теннің көлігінің айналарын ұрламақ болған көрінеді. Ұрлық үстінен түскен Денисті олар пышақтап тастаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілерді іздеуге қалалық ІІД-нің ішкі құрамы толық жұмылдырылды.
Деректер massaget.kz сайтынан алынды