Дәурен Айдарқұловтың бірінші әйелі әзілкешпен араларындағы бар шындықты айтты (фото)

Дәурен Айдарқұловтың бірінші әйелі әзілкешпен араларындағы бар шындықты айтты (фото)

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет Дәуренді отбасына қайта жібердім деген соң, әзілкеш алғашқы некесінен туған балаларымен түскен суреттерін Instagram парақшасында жиі жариялай бастады.

Оны көрген көпшілік Дәуренді "алғашқы отбасына қайта барды” деген болжам айтты. Осы уақытқа дейін бұрынғы күйеуі туралы ешқандай пікір білдірмеген Баян Әкімжанова желіде Дәуренмен дос екендерін жазған деп хабарлайды Facebook желісіндегі "Атамның басы-ай" парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

“Қайырлы күн, сүйікті оқырмандарым! Жақында парақшамда пікір қалдыруды шектеп тастаған едім, ол үшін айып етпеңіздер! Маған ақ тілегін жазып жатқан жандар көп, алайда менің бұрынғы жұбайыма қатысты дөрекі сөздер жазатындар да жетерлік. Ол өте жақсы адам, ақкөңіл, жаны ашып тұратын жақсы әке және бар балаларын шексіз жақсы көреді. Оның және біздің басымыздан өткен нәрселер – бар болғаны біздің тағдырымыз. Әркімнің өз жолын таңдауына құқы бар, мен де солай жасадым.

Парақшамда пікір қалдыруға шектеу қойған соң, жекеге сан мыңдаған сұрақтар келіп жатыр. Осы жазбамда маған жиі қойылатын сұрақтарға жауап берсем деймін. Сонымен, екеуміз қайта қосылдық па? Жоқ. Біз екеуміз ресми түрде және шариғат жолымен ажырастық. Дәуренмен және оның ата-анасымен қарым-қатынасым мінсіз. Олар 9 жылдан бері менің ата-анам болып келді, әрі қарай да солай болып қала береді. Ал Дәурен екеуміз жақсы доспыз. Екеуміздің үш баламыз бар, бір-бірімізге қырын қарағаннан тек балалар қиналады. Бұған дейін де айтқанымдай, ажырасуға мен де қарсымын. Алайда отбасын сақтап қалу үшін бәрін жасап, алайда одан ештеңе шықпаса, ең болмағанда балалардың бақытын ойлау керек",- деп жазды Баян.

Ол "Бұрынғы күйеуіңізді кешіресіз бе?" деп сұраққа да жауап беріп, Дәуренмен қосылуға зауқы жоқ екенін айтты.

"Жоқ! Әркімнің өз таңдауы бар, мен өзім таңдау жасадым. Оны кешіргеніммен, жан дүнием бос, жек көрмеймін де. Өзім таңдау жасағандықтан, қайта қосылуға зауқым жоқ. "Бұрын бар жүрегіңмен жақсы көрген адамды қалай жібере салуға болады?",- дейтіндерге менің жауабым: Өткен өмірімді қазіргі өміріммен салыстырып көріңіздер. Бұрын мен жәй ғана бар болсам, қазір өмір сүрудемін. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін!”, – деп жазды Баян Әкімжанова Instagram парақшасында.

Еске салсақ, танымал әзілкеш "Кешью" тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбетпен екінші отбасын құрған. Бірақ жуырда ғана Ақбота Дәуренді бірінші отбасына жібергенін айтқан болатын. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста