Дәстүрлі әннен демеуші неге қашады?

Алты қырдың астынан Ақан серінің немесе Әсеттің әнін құлағы шалса болды, атына міне сала, сол ауылға қарай шауып жететін текті жұрттың ұрпағымыз ғой. Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов сынды қазақтың қайталанбас күміс көмей әншілерінің салып кеткен жолымен Арқа дәстүрінде ән орындайтын, Бекболат Тілеухановтың шәкірті, бірнеше байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Берік Омаров Алматыға келіпті дегенді естіп, әдемі әні мен әңгімесін тыңдауға асықтық. 
– Рухани аста­на­мыз Алматыға ат­ ізін сал­ға­ныңызға жол болсын!
 – Әлей болсын! Өнердің бір жақ ше­тін­де жүрген соң, Алматы өнердің ортасы ғой деп, кез келген себеп тауып келгіміз кеп тұрады. Десек те, бұл жолғы келуімнің се­бебі ұлым Дарынның му­зыка мектептері арасындағы күйшілер са­йысына қатысуы болып отыр. Өзі Се­мей­дегі №2 музыка мектебінің күй сы­ны­­бында оқиды. Ортаң­ғы топтың ішінен топ ­жарып шыққан ұлым бі­рінші орынды алып, сондай бір қуаныш үстінде отырған жа­йымыз бар.
–  Құтты болсын! Қуанышыңыз ұза­ғы­нан сүйіндірсін!
– Рақмет!
– Өзіңізді дәстүрлі әннің Арқа мек­те­­бінің өкілі, кешегі өткен Жүсіпбек Еле­беков, Жәнібек Кәрменов сынды кү­міс көмей, жез таңдай әншілердің жал­ғасы деп білеміз. Ел ішінен келіп отыр­сыз ғой, аймақтағы дәстүрлі өне­рі­міздің жағдайы қалай? 
– Семейді өзіміз, әйтеуір, ру­хани ор­да, Абай менен Шәкә­рім, Мұхтарлар  туып-өс­кен кие­лі топырақ деп қадірлеп, қас­тер тұтып жүреміз. Дәстүрлі әнге кел­­сек те, Келденбай Өлме­се­ков, Тұр­сын­­ғазы Ра­­хымов, Бақыт Үдербаева, Аман­­гелді Жі­­кенов сынды алдыңғы тол­қын аға­-­апа­ларымыз бар. Бірақ осы дәс­түр­лі ән болсын, күй болсын қат­ты да­мып, бү­кіл қазақ­стан­ды талан­ты­мен таң­­ғал­ды­ра­тын балалар шығып жа­тыр деп айта ал­маймын. Оның басты се­бе­бі – қол­­дау­шы­ның жоқ­тығы.
– Дәс­тү­р­лі ән­нен кон­церт өт­кі­­зу­ге не болмаса гастрольдерге шы­ғу­ға жағ­­дайларыңыз бар ма? Осы жағына әкім­шілік тарапынан қандай да бір қол­­дау-көмек болып тұра ма?
– Әзірге еш­қандай дәстүрлі әншінің же­ке концерті болған жоқ. Әйтеуір, біраз бұ­рын Алматыдан «Ел» продюсерлік ор­талығы келіп, «Інжу-маржан» концертін ұйым­дастырып кетті. Ерлан Рысқали өзінің шығармашылық кешін ұйымдастырды. Ал өзі­міздің өңірден не Келденбай ағамыз, не Тұрсынғазы ағамыз, тіпті Толғанбай Сен­­­баев та әлі күнге жеке концертін бере қой­ған жоқ. Не біреуіміздің жинағымыз да шық­папты. Биыл енді «ел-жұрттан ұят қой, тым құрыса біреуіміз қимылдайық», – деп бір-бірімізді қамшылап жатырмыз. Қай­та, тәу­ба, былтыр Шәкәрімнің 150 жыл­­дығына орай Шәкәрім қажының ән­­де­рін орын­дайтын Кел­ден­бай Өл­ме­се­ков­тің дис­­­к­ісі шы­қты. Бі­рақ оның өзі аз ғана та­ра­лым­мен, қателеспесем, 500-дей да­намен шық­ты. Ол қол­дан-қолға бір­ден та­рап кет­ті. Тұрсынғазы аға­­мыз­дың үнтаспасы бар, ал Толғанбай Сен­баев­тың, ме­­нің әлі күн­­ге ән жина­ғы­мыз жоқ. Сол... бар­лығы да қар­жы­ның жоқтығы­нан ғой. Са­па­лы жинақ шы­­ға­ру үшін Алматыға келу ке­рек. Он­да да ол бір-екі күнде бітетін шар­­уа емес, айлап жатып да­йын­­да­лу керек. Жолдас-жора, туыс­та­рыңның үйін­де айғайлап ән айта ал­май­сың дегендей. Ал осының бар­лы­ғы­на қол­дау көр­сетіп, де­­меу жа­сай­­­мын деген «Атымтай жомарт­тар» та­­бы­лып жатса, қанекей?!
– Бұрындары ауыл-ауылды ара­лап, кө­некөз қариялардың аузынан ұмы­­­ты­лып бара жатқан ән-күй, дас­тан­­дарды жинау үрдісі болушы еді, қа­­­зір сол үрдістің желісі үзіліп қалған жоқ па?
– Оқуды бітіріп барған бетте ме­нің осын­­­дай дүниемен айналысқым кел­ген.  Бі­­рақ ол кезде, бір жағы, жас бол­дық, қо­лы­­мыз диктофонға да жетпей жүр­ген кез. Ақ­­сақалды қариялардан не әже­лерден ес­­тіп қалған бейтаныстау әнді дом­быраға са­­лып, жадымызда сақтап қа­луға тыры­са­тын­­быз. Қазір болса ел ара­лайтын  уақыт жоқ. Анда-санда той бас­­қаруға барғанда, кө­­некөз қария­лар­ды не бол­маса ауылдың ал­­тыауызын ай­та­тын әже­лерді ұшыратып қа­­лып жа­та­мыз. «Оһ, мы­на кісімен той біт­кен соң сөй­лесу керек екен» деп ой­лай­сың, біт­кен кезде не ол ке­тіп қалады, бол­маса өзің­нің мүмкіндігің бол­майды.
– Қазір эстрада саласында бір ән­ші­­­нің соңында бір продюсер қоса жү­­ре­­ді ғой. Тіпті әншінің танылуы кө­­бі­не-көп соған бай­ланысты боп тұр емес пе? Мүмкін, дәстүрлі әнші­лер­­ге де сондай бір про­дю­сер керек шығар?
– Мүм­кін... Бірақ эс­тра­да дәс­түр­ден гө­­рі тез тара­ла­ды, жеңіл, сондықтан оған қара­жат­ты да аямай салатындар та­бы­­лады. Ал дәстүрлі әнге келген кезде де­меушiлер де тар­тын­­шақтап қалады. 
– Әңгімеңізге рақмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста