Өнер әлемінде бір-біріне ғашық болып, отбасыларын тастап жатқан әртістер саны күн санап көбеюде. Мұндай жаңалыққа халық та үйреніп қалды. Бірнеше күн бұрын Instagram желісіндегі Kazak_star парақшасында Дастан Оразбеков пен Жанар Дұғалованың құшақтасып тұрған суреттері де көпшілік пікірін сан - саққа жүгірткен. Аталған суретке қатысты халықтың болжамына Дастан өзі жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.
"Мен өз жарыммен бақыттымын, есімі оның - Жанат. Елді алдап адам болмайсың. Санаң бола тұра санасыз тірлік жасағаның, надандықтың белгісі деп білемін. Ұйып тұрған отбасына іріткі салудың қажеті не?
Бұл "маxаббатым жүрегімде" телеxикаясына арнайы жасалған фотосессиядан алынған сурет",- деп жазған ол.
Дастаннан мұндай мәлімдеме күтпеген тыңдармандары әншіге шынайылығы үшін алғыстарын білдірді.