Дастан, ән болған жас қалам

Шығыс пенен Батысты бір ауыз сөзімен тоқтатып, бейбітшілікті ту еткен қазақтың ұлы ханы Абылай көз жұмар шағында үш жүздің бірлігімен қатар, «ордаға айналар қала сала алмадым-ау» деген арманда кетсе керек. Алайда ел аман болса, егемендікті алып берер ер туады екен. Араға сан жылдар, тіпті ғасырлар салып, қазақ ел болды, елордаға лайық қала да салды. Сол қала, расында, бұрын-соңды қазақтай халықтың, Қазақстандай елдің барын білмейтін әлем жұртының жанарын өзіне қадатып, тіпті әлем сәулетшілеріне іргесін қалатты. Аспанмен тілдескен сұлу ғимаратты Астана тек көздің жауын алмай, көңілдің көркін қыздырып, талай-талай шабытты шығармаларға арқау болды.

Әдебиеттің музасы...
Азды-көпті, ұсақ-түйек еңбектерді айтпағанда, елордамыз тұтас бір романға арқау болып үлгерді. Бұл, бір жағынан, жетпіс жылға жуық қазақтың ресми де, рухани да астанасы болған Алматыдағы жазушылардың жылы орнын суытып, саршұнақ аязы бет қаратпайтын Арқаға қоныс аударуының жемісі дегеніміз жөн. Сөйтіп, ол жақта Жазушылар одағының елорда филиалы құрылып, көп ұзамай «Астана жазушыларының кітапханасы» атты сериямен кітаптар шығарыла бастады.

Астана жайлы небір туындыларды дүниеге әкелген қаламгерлердің қатарында белгілі ақын, жастық және жігіт ағасы шақтарын Алматы қаласында өткізген, елмен бірге елордаға қоныс аударғандардың бірі ретінде Серік Тұрғынбекұлын да айта кеткен орынды. Ақын Астананың он жылдығына тұтас жыр кешін арнап, «Аспан асты – Астана» деп атаған. Ал ақын Несіпбек Айтұлы «Бәйтерек» атты үлкен поэма жазды.

Айта кету керек, Астана сонымен қатар біршама байқауларға арқау болды. Олардың өре басында халықаралық «Шабыт» фестивалі тұр. Сондай-ақ ауызға алуға тұрарлық бір байқау 2007 жылы шілде айында Астана қаласының әкімдігі мен «Абай» халықаралық клубы өткізген – «Менің астанам – менің мақтанышым» әдеби-шығармашылық байқауы. Онда елордамыз жайлы әртүрлі тілде жазылған роман, повесть, поэмалар мен өлеңдер сынға түсті.

Экранда – елорда
Астана жайлы түсірілген және түсіріліп жатқан көркем фильмдер, шүкір, баршылық. Ескі сүрлеуді одан әрі шиырлай бермей жаңа бағытқа қарай жол тартып жүрген режиссер Данияр Саламат елордаға бір емес, екі бірдей туындысын тарту етті. Оның бірі «Астана – ғашықтар мекені» болса, екіншісі балаларға арналған «Бәйтерек». Бірі елордалық жастар өмірі жайлы болса, екіншісі бала арманын бейнелейді. Астана арнасынан берілген екі тілдегі «Город мечты» сериалы да елорда тұрғындарының тіршілігіне негізделген. Астана жайлы фильмдердің ішінде қазіргі қазақи натюрморттарды бейнелей білгендігімен көпшілік көрерменнің көзайымына айнала білген «Хабар» арнасы түсірген «Махаббат жағалауы» фильмі болды. Тағы бір туындыны Eurasіa Fіlm Produkctіon киностудиясының бас директоры, «Астана – менің махаббатым», «Монгол», «Тюльпан», «Базар» көркем фильмдерінің продюсері Гүлнар Сәрсенова түсірді. «Астана – менің махаббатым» атты 52 минуттық 12 бөлімнен тұратын көпсериялы фильмі Түркиямен бірлесіп қолға алынды. Ең қызығы, бұл – Елбасының өзі түсуге келісім берген тұңғыш көркем фильм.

Ән арқауы – Астана
Елорда жайлы әннің көптігінен, алайда мақтансақ та сапа тұрғысынан келгенде әлсіздігі байқалып қалады. Әрине, белгілі сазгер Кеңес Дүйсекеевтің «Астана» симфониясы, Республикалық ұланның әскери қызметкерлері орындап жүрген Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Т. Бердіғұлов пен Н.Қамзиннің «Астана туралы толғау» әндерінің жөні бір бөлек. Бұлар – арқалы ақын мен кәсіби композитордың шынайы шабытынан туған дүниелер. Алайда Астана туралы әндердiң байқауы өтедi дегеннен кейiн бе, ұйқассын-ұйқаспасын, әдемі сөздерді теріп өлеңге айналдырған ақынсымақтар мен композиторлардың Астана туралы әндерi көбейiп кеткендей. Әйтсе де, шығармашылық адамдары ізденіс үстінде. Дегенмен Астана жайлы жүрегінің қылын шертіп, оны кәсібі білімімен ұштастыра білетін нағыз дарындар жазған туындының, қандай да бір байқаусыз-ақ бағы жанары сөзсіз.

Айтпақшы!
Елорданың онжылдығындағы «Астана маңындағы мыңжылдық» атты көшпелі өркениет фестивалі есіңізде болар?!. Көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігі, ат жалын тартқан сарбаздардың ерліктері мен бүтіндей елдің дәстүрлерін ұсынған дәулескер күйші, дауылпаз жыршы, күміскөмей әнші, арқалы ақындар әлі күнге көз алдымызда. Ұлттық дәстүрді дәріптеп, рухымызды асқақтатар өнер жәрмеңкелері Алаш астанасында жиі болып тұрса, қандай керемет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста