Дарынды дирижер

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академия­лық ұлт аспаптар оркестрі дегенде жүрегіміз­де бір сезімнің жылт ете қалары анық. Бірде құйқа тамырыңды шымырлата, қаныңды тулатса, енді бірде жүрегіңді елжіретіп, әсем әуеннің бесігіне бөлейтін күмбірлеген күйі бала кезден құлағымызға сіңіп қалған. Бүгінде бұл оркестр өзінің өнерімен дүниежүзін таңғалдырған ұжым ретінде белгілі.

Қазақ музыка өнерінің дарабозы Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған Құр­манғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық ұлт аспаптар оркестрінің қаты­суы­мен дирижер Мүсілім Әмзе таяуда ғана концерттік кешін өткізді. Концертке жеке орындау­шылар – Қазақстан Республикасы­ның ең­бек сіңірген артисі Рамазан Стам­ға­зиев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова, «Да­рын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Батыржан Мықтыбаев, ҚР еңбек сіңір­ген қайраткері Гүлмира Сарина қа­тысты.
Мүсілім Әмзенің әркез оқу, іздену, үйрену үстінде жүретіні сүйсінтеді. Еліміздегі ең жоғарғы музыкалық оқу орнын үш мамандық бойынша тамамдауы Мүсілімнің білімге деген құштарлығын, еңбекқор­лығын көрсетпей ме? Негізінен, бүкіл бір оркестрдің шығармашылық жетістігі жал­ғыз дирижердің музыкалық қабілеті мен ұйымдастырушылық шеберлігіне, қажыр-қайраты мен еңбекқорлығына тікелей байланысты. Дирижердің көңіл күйі мен көкірек көзі ғана емес, қолы мен саусағы жаңылса – оркестр ақсайды деген сөз. Кешегі өткен концерттің табысты өткені осы қағиданы тағы бір растады. Оркестр мен дирижердің, жеке орындаушылардың тұ­тас­тай бір тірі ағзаға айналғанын, әр­қайсысының жүрегі бір ырғақта соғып, көзқарас, қимыл-қоз­ғалыстары бірдей әрекет еткенін аңғар­дық. Бұл орайда дирижер еңбегінің орасан зор екенін айтпасқа болмас. Оркестрдің басты фигурасы дирижер десек, Мүсілім Әмзенің көзқарасы мен ишарасына бағын­ған музыканттар әр шығарманы ерекше таза, әсерлі де жігерлі орындап шықты. Ал­дыңғы қатар­дағы домбырашылар мен қо­бызшыларды айтпаған­да, екінші, үшінші қатарда, тіпті кө­рер­менге көрінбей, соңғы қатарларда отыр­ған му­зы­канттардың қай­сы­сы сыбыз­ғы­ны сызыл­тып, қайсысы сырнайды сөйле­тіп, қай­сысы дауылпазды да­уылдатып отыр­­ғанын аңға­ру қиын емес еді. Қазақ клас­сикасы мен шетелдік музыка болсын, таны­мал халық әндері болсын, Құр­манғазы оркестріндей атақты оркестр мен елге көп таныла қой­ма­ған дирижерге бағынбайтын музыка жоқтай көрінді. Ахмет Жұбановтың «Би» күйімен басталған концертте Раздық­тың «Аң­шының зары», Сүгір­дің «Ыңғай төк», Тұяқберді Шәмеловтің «Ақ желеңі», Нұр­ғиса Тілендиевтің «Менің бабам – Қара­сай», Жамағат Темірғалиевтің «Бабалар үні», Махамбеттің «Жұмыр қылы­шы» (же­ке домбырада – «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының иегері Батыржан Мықты­баев), Әшімтайдың «Қоңырқазы», Айтқа­ли Жайымовтың «Ереуіл атқа ер салмайы», Сыдық Мұхамеджановтың «Класси­ка­лық күйі», Базарбай Жұманиязовтың «Серпін» сынды басқа да бірқатар шығар­малар әуелей қалықтады. Күйдің бірі деле­беңді қоздырса, екіншісі ойлантты, үшін­шісі  тербетті, төртіншісі серпілтті... Осы­ның бәрі, әрине, дирижердің «сиқырлы таяқ­ша­сының» ықпалымен жүзеге асып жатты. Оркестрдің орындауындағы Пьетро Мас­каньидің Cavalleria Rusticana операсынан прелюдиясы және Жорж Бизенің «Арлезианка» сюитасынан фарандоласы қазақ ұлт аспаптарында ерекше жанып кеткендей әсер алдық. Бұл шығармаларды оркестрге лайықтаған Мүсілім Әмзенің өзі екенін айта кеткеніміз жөн болар.
– Ұлт аспаптар оркестрінің колориттік, яғни ұлттық нақыштағы мүмкіндігі орасан зор. Оның шығармашылық амплитудасы өте кең, тек әрбір аспаптың табиғи үнін, мүмкіндігін дұрыс пайдалана білу керек. Музыкалық палитраны кеңейту үшін эксперименттер жасаудан қорқудың қажеті жоқ. Тек өзіңнің не жасағың келетінін, қа­лай жасағың келетінін анық біліп, әр ас­паптың үні мен әрбір нота көкірегіңде сайрап тұруы керек, әр дыбысты жүрегіңмен тыңдай білуге тиіссің...– дейді дирижердің өзі. Иә, дирижер тек оркестрдің бірдей ой­нағанын қадағалаушы емес, ол – компо­зи­тордың ой-идеясын, мақсатын, әуен ырға­ғын жеткізуші. Бұл ретте Мүсілімді жүрегіне күй тұнған дирижер десек қателеспеспіз.
Бұл кеште барлық өнерпаз: оркестр де, дирижер де, жеке орындаушылар да жиыл­ған қауымға қуаныш сыйлап, ұлттық музыка нәрімен сусындатты. Ор­кестрдің шығармашылық деңгейінің әркез өсуі – дирижердің тікелей қажыр-қайраты мен шығармашылық қуатының жемісі екені сөзсіз.

Қаперге
Мүсілім Әмзе Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Қызылорда музыкалық колледжінің контрабас және домбыра мамандықтарын қатар бітірген. 2000 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы халық аспаптары факультетінің домбыра класын және оркестр факультетінің контрабас класын бітірген. 2010 жылы осы оқу орнын опералық-симфониялық дирижерлеу мамандығы бойынша аяқтаған. А.Жайымов, Е.Исаметов, Т.Әбдірашев, Б.Жаманбаев сынды білікті ұстаздардан дәріс алған. Шығармашылық жолын артистік қызметтен бастаған ол бірқатар оркестр құрамында еңбек етті. 2007 жылдан А.Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері, 2008 жылдан ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің екінші дирижері қызметін атқарады. 2010 жылдан бері Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері. 2011 жылы П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері қызметіне шақырылды. 2008 жылы дирижер В.Папянның жетекшілігімен Ашдод симфониялық оркестрінде (Израиль) және 2009 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында тәжірибеден өткен. Республикалық жас орындаушылар конкурсының (Алматы,1994), Қ.Ахмедияров атындағы күйшілер конкурсының (Алматы,1996) лауреаты және I Халықаралық Н.Тілендиев атындағы дирижерлер конкурсының (Астана, 2008) дипломанты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста