Дәрінің зияны жайында не білеміз?

Дәрінің зияны жайында не білеміз?

– Жаңа тауарды насихаттаудың ең тиімді жолы – жарнама. Міне, осы тұста айта кетер базынам көп-ақ. Өз басым дәрі-дәрмекті жарнамалауға мүлде қарсымын. Кезінде депутат болып жүргенімде де осы мәселені талай көтерген едім. Алайда «жалғыздың үні шықпас» демекші, фарм саласы бизнесіндегілердің тасы өрге домалап тұрғандардың саны арта беріп, менің бар еңбегім еш кетіп жатты, – дейді профессор Кеңес Үшбаев.

Қазір дәрі-дәрмек өнімдерінің жарнамасы жанып тұр. Қай дәріні ал, мейлі, олардың барлығы да бір жеріңді емдеп жатса, екінші бір жеріңе зиянын тигізіп жатады. Өйткені синтетикалық зат қосылмайтын дәрі жоқ. Ал жарнама берушілер тауарды мақтағанда жер-көкке сыйғызбайды да, қарсы көрсетілімі мен зиянды жағын айтуға келгенде «айтсам ба, айтпасам ба...» дегендей тартыншақтанып қалады. Ал адамның психологиясы қызық қой, қай жағы көбірек насихатталса, негізінен, соны қабылдағыш. Сондықтан да құзырлы министрліктер осы түйінді мәселені реттеуді тез арада қолға алулары тиіс. Дәрі-дәрмекті жарнамалаған екен, ол жайында толық ақпарат беруді талап ету керек. Жарнама берудің заңдық нормаларын бұзғандарды жауапкершілікке тартса, тіптен жақсы.
Бұрыннан қолданылып келе жатқан дәрілік препараттарды жарайды, олар жайында азды-көпті хабарымыз бар, ал саудаға енді түскен тауарлар жайынан шынымен де мақұрымбыз.
Дәрілік өнімдер туралы айта берсең, проблема шаш етектен. Тағы бір мәселе, дәрілік өнімдердің жаңа түрлері уақыт ілестірмей шығып жатыр. «Алайда олардың басым бөлігінің аты әртүрлі және жасалу жолы бір-бірінен өзгеше болғанымен, қасиеті бірдей» дейді бұл тұрғыда мамандар. Иә, бұл кәдімгі «түлкіні түн асырайдының» кебі болар» деген ой туындайды. Былайша айтқанда, бизнесті дамытудың бір амалы ғана дерсің. Дәрі өндіріп отырғандардың мұндай «өнертапқыштықтары», керісінше, адам денсаулығына қауіпті көрінеді.
Кеңес Үшбаев:
— Сұранып тұрған өзекті мәселелердің тағы біріне тоқталып өтсем, қазір еркектер арасында бедеулік белең алып барады. Кейбір ер-азаматтарымыз күш-қуатын дәрінің көмегімен арттырып жатады. Осы орайда дәріханаларда жыныстық қабілетті күшейтетін дәрілік өнімдердің неше атасы сатылуда. Бұған да аса сақ болған жөн. Еркектер бір түндік ләззат үшін бүкіл өмірін өксітіп алмаса екен деймін. Тек нұсқаулығымен танысып, дәрігердің ақыл-кеңесінен кейін пайдаланғандары абзал. Өйткені басқа басқа әсіресе осы топтағы дәрілердің құрамында синтетикалық қоспалар өте көп болады.
Міне, осы жоғарыда келтірілген барлық проблемаларды ескере отырып, К.Үшбаев тағы бір жаңа кітап жазып шығыпты. Онда қолданыстағы барлық дәрілік препараттардың екі жағын, яғни пайдасы мен зиянын тізіп шыққан. Дәл қазіргі күндері еліміздің көп аймақтарында тұмау асқынып тұр. Мұндайда, әлбетте, тұмаудың бетін қайтаратын дәрі қолданбасқа болмайды. Кең қолданылатын дәрінің бірі «колдрекс» десек, бұл дәрінің көмегімен қатар кері әсері де бар. Сондықтан да науқастың одан хабардар болғаны абзал.

Пайдасы:
Ыстықты қайтарып, бұлшық еттері мен буындардың сырқырағанын басады және тыныс жолдарын ашып жөтелді тыяды. «Колдрекстің» пайдасы жайында білетініміз – осы.
Жағымсыз әсерлері:
Аллергия беруі мүмкін, яғни терінің бөртуі ғажап емес. Жүрек айнып, бас айналады. Сондай-ақ жүрек қағысы күшейіп, ұйқы бұзылады. Қан қысымы аздап көтеріліп, көп уақыт қолданған жағдайда бауырға кері әсер етуі де мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
Бауыр құрылысының асқынған түрімен және бүйрегі ауыратындарға, гипертонияға шалдыққандар мен қант диабетімен науқастанатындарға пайдалануға болмайды. Сондай-ақ бұл дәріні депрессияға қарсы дәрілермен және бетаблокатормен бірге ішуге болмайды.
Айрықша нұсқаулары:
«Колдрексті» домперидона, метоклопрамида және колестираминамен бірге қолдану аса қауіпті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста