Дана Нұржігіт: Ерболат Беделханға орнымнан тұрып қол соғамын

 Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт қоғамда кең талқыға түсіп жүрген "91" тобына қатысты пікірін білдірді.


"Ерболат Беделxанға айтарым: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылады, табанды еңбек етіп, бір күн-көл, бір күн-шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, "мына істеп жүргенің қате" деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде!" - деп жазды Дана Нұржігіт Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Бұдан кейін тележүргізуші қарша бораған сынға ерекше сабырлық танытқан Ерболатты қолдайтынын жеткізді. "Зайытовтың "91" тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, "жиіркенемін" деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті" - дей келе, осы сын арқылы продюсер тобын шыңдап алды дегенді айтады. "Ол қол астындағы топты осылайша спарингке шығарып алды. Мұздай душтың астына тұрғызды. Сынады. "...Шыдайсың ба менімен достасуға,

Жалаң аяқ су кешіп, тас тасуға", деп Мұқағали ақынша серіктестеріне сұрақты төтесінен қойды. Шаш өсер, бояуы жуылар, трико шалбар боп өзгерер. Бірақ, арақ ішіп, есірткі тартып есірмеген, өнерде өз жолын іздеп, өсіп келе жатқан жастарды осыншама талап, мүсіркетіп "мен сияқты костюм шалбар кимейсің ба, шашты дұрыстап қысқартпайсың ба?" - деп жер шұқытып қою, қаз-қаз тұрып келе жатқан балаға,"неге жүгіріп кетпейсің?" дегенмен тең" - дейді тележүргізуші.

Бұдан кейін ол "91" тобы сияқты көрермен бір кездері "А-студионы" да түсінбегенін айтты. "Конформистер қашан да болған, бола да береді. Оларды тыңдасақ, елден ерек, алыстан асау мінезін білдіретін ұзын шаш қойған әнші, ақындарымыз - Батырxан, Жарасқандар, Қадірлар қайда бізге? Конформистерді тыңдасақ, сыған қызы Карменді операның бас кейіпкері етіп, көрерменнің ызасын тудырған Бизе тумас еді. "Жалаң аяқ сығанның сайқалын операға арқау еткен дарынсыз" деген жаман атқа қалған Бизе бүгін ел ауызындағы классик. "Арайдан" кетіп, "Алма-Ата студио" болған Серкебаев Байғалидің өзі мұндайды бастан өткерген. АХБК сарайының концерт залындағы алғашқы премьерасынан xалық тұрып-тұрып кетіп қалған. Түсінбеген. Шашы жалбыраған жігіттер, майкішең тұрып ән салған Батырxанды біреу еске алса, сол біздер. Біздің ұрпақ. Айта берсе көп қой".

Сондай-ақ Нұржігіт сынаса намысқа тиіп емес, мәдениетті сынауды ұсынды. "Өнерде ұқсастықтан жаманы жоқ! Сынасақ "жиіркенемін" деген адами намысқа тиетін, көшедегі бетжыртыстың лексиконына сүйеніп емес, конструктивті, мәдениеттану деген ғылымға жүгініп отырып дәйекті дәлел келтіріп отырып сынайық!" - деді Нұржігіт.

Айта кетейік, күні кеше ғана "91" тобы көпшіліктің сынына қарамастан тарамайтынын мəлімдеген болатын.

Baistars.kz.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста