Кеше шоу-бизнестің төрт көзі түгел қатысып, продюсер Алтынбек Рахметовтің қызын ұзатты. Тұңғышы Айзаданы қиясына қондырған Алтынбек Рахметовтің дүбірлі тойына жақында ғана отау көтерген Дана Нұржігіт пен Мұрат келген.
Әлеуметтік желіге сурет жүктеген Дана Нұржігіт продюсердің өміріне қатысты біраз құпияны ашты.
«Алтынбектің құжаттағы шын есімі Алмабек. Жұбайының есімі Алмагүл. Екеуі бір-бірін 6 жастан біледі. Мектепте бір партада отырған. Бүгінде 4 бала тәрбиелеп отырған бақытты жанұя. Көз тимесін! Қарап отырып,сүйсінесің. Айзаданың басынан бағы таймасын деп тілек айтамыз!»-дейді танымал тележүргізуші.