Дана Нұржігіт алғаш рет бірінші жарымен не себепті ажырасқанын айтты

Дана Нұржігіт алғаш рет бірінші жарымен не себепті ажырасқанын айтты

Елімізге әйгілі журналист Дана Нұржігіт алғаш рет бірінші жарымен не себепті ажырасып кеткендерін Ұлттық арнадағы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Дана бірінші күйеуі Владимир Рерихпен ажырасуға арызды бірінші болып өзі берген.

«Ұстаз және шәкірт ретіндегі, серіктес ретіндегі байланысты қашан да қуана қарсы аламын. Мен әкемнен ерте айырылдым, әкем өте білімді, ағартушылық жұмысқа жақын еді. Мүмкін мен сондай адамды іштей іздеген шығармын. Бірақ ерлі-зайыптылар ретіндегі біздің ортамыздағы әңгіме аяқталды. Әйел отбасында бос орын ретінде қалса, ол өзінің кім екенін өзі білмей дал болып қалған жағдайға келген кезде, ерлі-зайыптылардың әңгімесі бітеді.
Мен шындықты жақтайтын адаммын, әрдайым осындай қағида да өмір сүремін. Сол себепті «бір-бірімізге өтірік айтудың қажеті жоқ» деп ажырасу жайлы арызды өзім бердім. Баласымен кейде араласады. Соңғы рет екі апта бұрын хабарластық. Онда да балаға байланысты шаруаға керек болды»,-деді ол.

Өткен жылы Мұрат есімді қызылордалық азаматқа екінші рет тұрмысқа шыққан журналист бұл қадамның жоспарында болмағанын, бірақ сезіміне тұсау қоя алмағанын айтты.

«Өткен жылы өзімнен өзім күтпеген бір жағдай басымнан өтті. Мен екінші рет тұрмысқа шықтым. Ойламаған жерден деп айтпай-ақ қояйын, бірақ менің жоспарымда бұл болған жоқ. Сондықтан сезім деген бір сәтте тұтанады және мен он рет ойланып, жеті рет өлшеп-кесетін адаммын. Дәл осы сезімге келгенде мен өзімді тежей алмадым. Әзірге бұл шешімім үшін өкінген жоқпын. Осы отбасында мен әйел бақытын таптым деп айта аламын»,- деп ағынан жарылды халықтың сүйікті қызы.
Ол «Мұрат мені сөзсіз түсінеді және ұлым Әліммен тез тіл табысып кетті» дейді. Басында Мұрат Дананы қатал әрі суық жан деп қабылдаған екен. «Біздің мінезімін екі түрлі» деген жұбайлар бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр.

«Мен тыныштықты жақсы көремін. Өзімнің үйімді жылы ұядай көргім келеді. Мені күтіп отырған мен үшін өте қымбат екі азаматым бар. Менің ұлдарым деймін. Бірі үлкен, бірі кішкентай болып алдымнан шыққан кезде мен өзімді өте бақытты әйел сезінемін. Бақыт деген сол шығар. Адам өзіңнің кішкентай жұмағыңды өзіңнің қолыңмен жасайсың. Сол қолыңмен жасалған жұмаққа біреудің қолы тимесін деп қызғыштай қорисың. Сенің екі азаматың түзе шыққан кезде, сол майданнан үйге асыға келсе екен дейсің. Бірі балам, бірі жолдасым осы жерден пана тапса, жылулық көрсе дейсің. Көп жағдайда өзімде түзде жүретін адам ретінде ер азаматтың үдесінен шыға бермейтін де шығармын. Сосын екеуімізде қалыптасқан тұлға болып, бас қосып жатырмыз. Әрқайсысымыздың өзіміздің қалыптасқан қағидамыз бар, көзқарасымыз бар. Мүмкін мен кей жағдайларда Мұраттың көңілінен шықпай жататын шығармын, бірақ оның кей жағдайды көріп тұрса да, көрмегендей болып, оны қалжыңға айналдыратын мінезі көп нәрсені жуып-шаяды.
Жаңа бірқалыпты адаммын дедім ғой. Ол маған: «ішін бермейтін, оңай шағылмайтын жаңғақтай қатал, суық көрінетсің» дейді. Шынтуайтына келген кезде өзім көңілім қалап тұрған адам болса, өзім деген адамға өзегімді жарып беремін. Екеуміздің мінезімізде қарама-қайшылықтар бар. Мен алды-артын көп ойлайтын адам болсам, Мұраттың бойында тәуекелшілік бар. Кейде мен оған «сен аңдамай сөйлеп, қадам жасап қоясың» деп айтатын жерлерім бар. Бірақ кейде өзіме сол қасиет жетпей тұрғандықтан, мен оны мінезінің басым жағы деп көремін. Мен артын көп ойлауымнан ұтылып қала беремін. Мүмкін бұл уақытпен, тәжірбиемен келген жағдай шығар»,- деді Дана Нұржігіт.

Айтуынша, оның екінші ре тұрмысқа шығуына ұлы Әлімнің Мұратты бірден туған әкесіндей қабылдап кетуі себепші болған.

«Менің некеге тәуекел етуімдегі соңғы шешім Әлімде болды. Әлім Мұратпен танысқанда бір көргеннен «папалап» алдынан шыққан кезде мен үшін бәрі шешілді. Жуырда мен Сарығашқа екі апталық демалысқа кеттім. Сол уақытта Мұрат Әлімді мектебіне апарып, тамағын беріп, киімін жуып қарап отырды. Мен әйел де, еркек те болып көрген адаммын. Сондай да көмектің қандай болатынын, ер азаматтың бойындағы балажандылықтың қандай болатынын көріп, жүрегім елжіреп кетті. Өйткені мен ондайды көрмегенмін»,-деді бүкпесіз сырын алғаш рет айтқан Дана.
Танымал тележүргізуші кемінде үш баланың анасы болуды армандағанын айтты. Бүгінде «өмірдегі ең үлкен жеңісім – ұлым» дейді.

«Әлімді Алла тағала көп күттіріп, зарықтырып берді. Маған: «Өмірдегі ең үлкен жетістігіңіз не?» десе, балам дер едім. «Ең үлкен жеңісіңіз не?» десе - ұлым дер едім. Өйткені мен балалы болудың жолында денсаулығымды құрбан еттім деуге болады. Құдайға шүкір одан да аман шығып, бақытты болып отырмын. Дәл қазір ондай жанкештілікке бара аламын ба, бара алмаймын ба дегенде, көп ойланатын едім. Себебі мен қаншалықты жүйкем, денсаулығым кеткенін жақсы білемін»,- деді ол.
Еске салсақ, Дана Нұржігіт 2017 жылдың шілде айында екінші рет тұрмысқа шықты. Тележүргізушінің бірінші некесінен бір ұлы бар.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста