Отандық әнші Дана Кентай су жаңа ән шығарды.
Атауы қызық. «Жаным Қайрат «екен. Желідегілердің ашуын туғызған да — осы.
«Әнге басқа ат таппадыңыз ба?», «Масқара, Қайраттың өзіне-ақ айта берсеңізші бұл сөздерді. Елдің алдына ән қылып шығармай», «Ән емес, хайп қой тұнып тұрған» деп шуласты.
Ал тағы бірі мұны әнші Қайрат Нұртасқа арналған деп қате түсініп, „Жұлдыз енді қайтер екен, мына Дананың шашын жұлатын шығар„ деп қалуда.
Бұл сынға әншінің де айтары бар екен.
«Менің түсінгенім бойынша бұл ән тек «Қайрат» есімді тыңдармандарға ұнаған секілді. Қайраттар рахмет айтып жатыр. Басқаларының бәрі ұрысып жатыр. Жігіттердің тарапынан қазақ қыздарының есіміне арналған: «Динара», «Фарида», «Камиллам менің», «Әселім, жаным» секілді көптеген әндері бар екен.
Ал қыздар тарапынан мүлдем жоқ. Мүмкін қыз балаға, оның ішінде қазақ қызына ер адамның атын атап, ән айтқан ұят болар. Тек «намек» тастап «Ұмыттың мені қалай», «Сағындым сені», «Махаббатым»-деп, атын атамай әндеткен дұрыс та шығар. Дегенімен ерекше болсын деп, қазақ ер азаматының есіміне арналған ән орындағанның айыбы жоқ деп ойлаймын», — деп жауап берді әнші Instagram парақшасында.