Былтыр маған күйе жағылғанда, асылдық айтқаным үшін кешір сұрағанмын - Сакен Майгазиев

Танымал әнші Сәкен Майғазиев былтыр өмірінде орын алған жайт туралы айтты.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Былтыр маған күйе жағылып, жала жабылып жатқан кез. Қасиетті ҚҰРАНда "Қиындықтардан кейін жеңілдіктер бар" деп уәде етуінде бір сыр бар ғой деп, иман келтірдім. Иман келтірдім де көндім. РАББЫМ мені осылай сынағысы келген шығар.
Пендеміз ғой, қанша жерден "Иман келтірдім, көндім" десем де, "жер өртемей-ақ" атым шыққанына жүрегім сыздап, жанымды жегідей жеп жүргенде Алматыдан балаларының анасы қоңырау шалды. Тәттілерімнің саулығын сұрағанымда: "Кеше түнде Сәфия (кенже қызым) қатты ауырып, жедел жәрдем шақырдық. Ұлыңыз сізді уайымдатпай-ақ қояйық деп, телефон соқтырмады", - дегенде "сылқ" етіп отыра кеттім.
"РАББЫМ! Бізді баламен сынамашы. Мен басқа сынақтарға өзім-ақ төзіп берейін, тек отбасыммен сынамашы. Жастардың төтеннен келген өлімінен, балалардың ауру-сырқауынан сақташы. Тек сәбимен сынамашы", - деп, алдыңғы сынақтарға асылдық айтқаным үшін кешірім сұрағаным бар. Балалар ауырмасын, аналар жыламасын, әкелер қайғырмасын", - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр әлеуметтік желіде Шымкент қаласында Наурыз мейрамындағы іс-шараларға 565 миллион теңге бюджет қаражаты бөлінгені туралы ақпарат тараған болатын. Құжатқа "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының" директоры Сәкен Майғазиевтің қол қойғаны айтылды.

Кейін, Сәкен Майғазиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінің бәрін тексергенін, ешқандай кінәсі жоқ екенін дәлелдеген. Кейін әнші өзін айыптаған белсендіні сотқа беріп, кейін арызын қайтарып алған болатын.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста