Буратино өмірде болған екен!

Буратино өмірде болған екен!

Балалардың сүйікті кейіпкері Буратиноның шынайы өмірде прототипі болған деседі. Осы рас па?

Дамир БЕРІКБОЛҰЛЫ, Алматы қаласы

Орыстың белгілі жазушысы Алексей Толстой өзінің «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкендері» шығармасындағы Буратиноның образын итальяндық жазушы Карл Коллодиің  Пиноккиосынан алғаны белгілі. Өзіңіз айтқандай, бұл әдеби кейіпкерлердің өмірде прототипі болған көрінеді. Мұны жақында америкалық ғалымдар зерттеп, нақты дәлелдер келтіріп отыр. Ғалымдар Коллоди жерленген зират маңына қазба жұмыстарын жүргізіп, атақты ертегішінің моласына жақын жерден Пиноккио Санчес деген адамның аты-жөні жазылған тас тауып алып, кейін денесінің сол жерге қойылғанын анықтаған. Зерттеушілер тексере келе Коллоди мен Пиноккионың бір кезеңде өмір сүргеніне көз жеткізді. Содан кейін ғалымдар 1834 жылы көмілген Санчестің денесін эксгумация жасауға рұқсат алыпты. Тексерудің нәтижесінде Санчестің денесі жартылай ағаш екені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, Пиноккионың аяқ жағы және мұрны ағаш болған. Пиноккио 1790 жылы туған екен. Бозбала 18 жасында әскер қатарына алынған. 15 жыл әскери борышын өтеген жігіт үйіне мүгедек болып оралады. Санчестің бағына қарай оған сол Бестульджи деген ғажап дәрігер кездеседі. Дәрігер жігітке қолынан келгенінше ота жасап, аяғына ағаштан протез салып беріпті. Жартылай ағаш денесімен Пиноккио тағы 10 жыл өмір сүреді. Ал оның ағаш мұрны Пиноккионы танымал әртіс болуына себеп болады. Пиноккио күрделі трюк орындау кезінде биіктен құлап, мерт болған екен. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста