Бұл қазақ Тәшеновті неге ұмытты?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» (Абай) дейтін қазақтың шоқтығы биік азаматтарының ішінде дараланып тұратын біреуі болса, ол – Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің тұлғасы. Кеңестік идеологияның қылышсыз майданында орталыққа қасқайып қарсы тұрып, бүгінгі біздерге мұра болған жерімізді қорғап қалған Жұмабек Тәшенов ол кездері Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, бүгінгіше айтсақ, Үкімет басшысы болатын.
Ж.Тәшенов өзінің осынау биік лауазымынан айырылып, бар өміріне балта шабылатынын біле тұра Қазақстанның бес облысын Ресейге қосу туралы орталықтың ұсынысына батыл тойтарыс берген. Оған қоса, бүгінгі Маңғыстауды Түрікменстанға, Оңтүстік Қазақстан облысының тағы үш ауданын Өзбекстанға бергізбей, ел мен жердің тұтастығын сақтап қалған. Егер сол өткен ғасырдың 60-жылдары Тәшенов қайрат қылмаса, бүгінгі Қазақстанның мемлекеттік аумағы қандай болар еді? Осы сұрақтың өзі-ақ Алаш жұртына ой салып, Жұмабек Ахметұлының алдында қаншалық қарыздар екенімізді айшықтай түссе керек еді. Алайда осынау ерлігін ұрпаққа үлгі етіп, отаншылдық тәрбиенің өзегіне айналдыруға тиіс болсақ та, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жас өскіндері Тәшеновтей тұлғаны біле бермейді. Оған тағы өзіміз кінәліміз. Асылымызды ардақтап, істеген ісін барша жұртқа паш ететіндей, есімін ел есінде қалдыратындай шаралар әлі күнге атқарылмаған. Тек Шымкент пен Астанада ғана бір-бір көшенің аты берілгені болмаса, еңкейіп тағзым етер ескерткіші де жоқ екен. Былайша айтқанда, бейқам халқымыз елеусіз қалдырған.
Қазақтың болашағы үшін өлшеусіз ерлік көрсеткен азамат туралы шынымен де көп айтылмай келгенін, есімі лайықты ұлықталмай жүргенін бірқатар ғалымдар мен тарихшыларымыз да мойындайды және осы олқылықтың орнын толтыруға ұмтылуда. Соның бір көрінісі кеше Астана­дағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Ж.Тәшеновтің азаматтық ерлігі және қазіргі патриоттық тәрбие» атты респу­бликалық ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренция болды. «Ештен кеш жақсы» де­мек­ші, Амангелді Айталы, Хангелді Әбжа­нов бастаған бір топ ғалымдарымыз бен тарихшыларымыз бас қосқан осы мәсли­хат­та Ж.Тәшеновтің ерлігін кеңінен наси­хаттап, ескерткіш тұрғызу қажеттігі туралы сөз қозғалды.
Ж.Тәшенов туралы деректі фильм түсіріледі
Ж.Тәшенов сол оқиғадан кейін «қызме­тін дұрыс атқара алмады» деген сылтаумен орнынан алынып, Оңтүстік Қазақстанға жібе­рілген. Ғұмырының соңына дейін (1986) сол жақта тұрып, жұрт қатарлы ең­бек еткен. Бірақ Министрлер Кеңесінің төрағасы секілді лауазымнан қарапайым қызметке дейін төмендегені үшін ешқашан өкінбеген көрінеді. Мұны кешегі конферен­цияға қатысқан, Ж.Тәшенов туралы деректі фильм түсірумен айналысып жатқан кино­документалист Халила Омаров айт­ты.
Халила ОМАРОВ, кинодокументалист:
– Елді батырлар қорғайтынын білесіздер. Кейде ақын да, дипломат та бір ауыз сөзбен-ақ ел қорғап қалып жатады. Мұндай мысалдар тарихта өте көп. Ал Қазақстанның жерін өз кеудесін тосып қорғап қалған Тәшеновті сол кезде психиатрияға қамауы, сәл ертерек болса, атып тастауы да мүмкін еді. Бірақ сол кезде ештеңеден қорықпай, елді қорғап қалған Жұмабек Тәшенов осы әрекеті үшін ешқашан өкінбепті. Сөйткен батыр тұлғалы қайраткеріміздің атында бүгінгі күні небәрі екі-ақ көше бар. Оның бірі – Шымкентте, екіншісі – Астанада. Бірде-бір ескерткіші жоқ, ешқандай мектепке де аты берілмепті. Ал енді бір төрт жылдан кейін осынау тұлғаның 100 жылдығы. Қазір біз «Жұмабек Тәшенов» деген деректі фильмді түсіруге кірісіп жатырмыз. Әзірге материалдар зерттелу үстінде. Бәрі материалдардың шынайылығы мен нақтылығына байланысты болмақ. Материалдар толық зерделеніп, сценарий жазылып бітсе, түсіру жұмыстарына кірісеміз.

Ой салар:
Егер Ж.Тәшенов кезінде орталыққа тойтарыс жасап, Сарыарқаның бес облысын сақтап қалмағанда, 565,4 мың шаршы шақырым немесе республикамыздың бестен бір бөлігінен айырылып қалғандай екенбіз. Ал сол бес облыстың қазіргі аумағында 1999 жылғы санақ бойынша 3,7 миллионға жуық адам тұрып жатыр екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста