Бүгінгі тәрбие құралы – портал

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен жүзеге асырылған «Балалар үйінің, балабақша және мектеп бүлдіршіндерінің арасында мемлекеттік тілді, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған іс-шаралар өткізу» атты жоба жүзеге асырылуда.
Жобаның алға қойған мақсаттарына жетудің негізгі шарттары ұлттық білім беру бастамалары мен мектептерді өркендету, нығайту, қалыптастыру, мемлекеттік тілді, мәдениетті жеке тұлғаның бойына сіңіру, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін насихаттау жұмысын мақсатты бағдарлау міндеттерін шешу қажеттігі болып отыр. Жоба аясында «Ата дәстүр – ұрпаққа өнеге», «Әкеге қарап ұл өсер», «Ата дәстүр – асыл қазына», «Ұлты мақтаған ұлы тұл­ға», «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Нұрын төккен маған, шуағымсың сен» атты тақырыптардағы тәрбие сағат­тары Батыс Қазақстан облысының қала мектептері мен аудандық балабақшаларда да 700 сағат көлемінде атқарылды. Атал­ған тәрбие сағаттары қазақ, орыс тілдерін­де әдістемелік құралдар ретінде дайын­далып, білім беру ұйымдары мен балабақ­шаларға таратылуда.
Аталған жоба аясында «Қыздар әлемі» порталы www.kyzdaralemi.kz жұмыс істеу­де. Сайтты пайдаланушылар ғаламтор ар­қы­лы қыздар тәрбиесіне арналған сұх­баттар, «Бойжеткені болашақ ғасырым­ның», «Тәрбиелік жарасады қыз балаға», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Махаббат жалыны», «Әдістемелік бұрыш» бөлімдері жүйелі түрде жаңартылып тұрады. Мұнда­ғы әдістемелік бұрыш сынып жетекшілері мен балабақша тәрбиешілерінің сұранысы бойынша жасақталады.
Қазіргі уақытта сайттың 750 мыңнан астам пайдаланушылары бар.
Жоба жұмысының жүргізілуіне ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгереева, ақын, аудармашы, тіл жанашыры Қайрат Жұма­ға­лиев арнайы шақырылып, ақыл-кеңес­терін беріп отырады.
Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА, ақын:
– Мен бұл тақырыпты жырладым, әлі жырлап келемін. Біреулер ақындар үшін ұсақ тақырып деп қарауы мүмкін. Бірақ бұл тақырыптың ауқымы өте кең. Біз өз өлеңдеріміз арқылы қыздары­мыз­ға ұлттық тәрбие беруге тырыса­мыз. Өйт­ке­ні ұлт діңгегі ұлттық тәрбие­де жатыр. Қазақ қызы тәрбие бастауын ана сүтінен алады. Қазақ әйелі қазақ қызына өнегелі тәрбие берсе, қазақ қызы қазақ қоғамы­ның тірегі болары анық. Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды деген ойдамын.

Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста