Бүгін Табылды Досымовтың туған күні, ой пәлі!

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Бүгін-он бесі, шілденің шілінгірі. Ешқандай тарихи оқиға жоқ. Тойлардың бәрін топтап дүркіретіп өткізіп тастап, тасып отырмыз. Тек көңілдің шілінгірі қайтпай тұр бірақ. Егер тірі болғанда бүгін Табылды жырау қырық тоғыздың қырқасына шығып, бір мүшелді қайырып тастар еді.

Жалауы болған жанымның,
Сағындым, бәрін сағындым.
Самала жерге жон төсеп,
Жатыр ма екен Нарын құм.
Айта алмай тілім күрмеліп,
Көмейге жырлар жүр келіп.
Шіркін-ай, қайтсам арман не,
Жайықтың бойын бір көріп,
– деп алып даланың алдаспанындай қиып көлденең жатқан ерке өзеннің жағасында алмастай жарқылдап отты жырын төгіп отырар ма еді бүгін. Астанадан – Ленаны, Қарағандыдан – Қорабайды, Семейден – Тыныштықбекті, Алматыдант – Әубәкір, Боря, Арманды, Құлтөш пен Жұмабайды, Ақтаудан – Светқалиды, Түркістаннан – Бекжігітті шақырып алып, Нарынның құмына аунатар ма еді. Амал шешік?! Өзге жұрттар Высоцкийлерінің туған да өлген күндерін атаусыз қалдырмайды. Барлық телекинокомпаниялары жылт еткен тың дүниеден фильм жасап, дүркіретіп фестиваль өткізеді. Иә біз де...біз алдағы жылдың шілдесін күтіп отырмыз. Келесі жылы Табылды жырау елу жасқа толуға тиіс болады. Соған дайындаламыз, құдай қаласа! Сонда көресіздер...иә!

                                                Арман, Әбубәкір, Табыл, Болатбек
Табылдының жарыққа шықпаған жырларының ішінде мынадай шумақ бар:
Сақи басыма намыс байланып,
Жүргенде саған жолықтым.
Кетермін бір күн арысқа айналып,
Аға, сен содан қорыққын!

Сол арысқа айналған досын жоқтап Арман Сқабылұлы «Фейсбуктағы» өз парағына естелік жазыпты. «Жылауық заманда жыраулар әбден керек-ақ» депті Арман. Арманның мақаласын қайта басып отырмыз-жылау үшін емес бірақ, өзімізді бұрау үшін. Жырауларды ұғу үшін. Табылды жыраудың отты жырларымен қаңсыған өзегімізді тағы бір суару үшін.

                            

«Алаш айнасы»

 

Қос жыраудың айтысы
Айтыс біздің журфакқа сексен бесте, қайта құрумен бірге келді. Аяқ астынан аспаннан түскендей болған бұл "бақытқа" алғашында абдырап қалғанымыз рас. Жазба ақындары жыртылып айрылатын журфактан айтыс аламанына атойлап шығатындар да оңай табылды. Тіпті, суырып салмай - ақ қағазға жазғанды оқып беретіндер де көрініп қалды.
"Айтыс деген өр өнер, есіл өнер,
Айтыс десе бел буып, шешінеді ел,
Суырып салмай қағазға қарап айтқан,
Ұрпағыңды бабалар кешіре гөр! "
деген шумақ та сол кезде шыққан. Журфактың дәлізінде жан алысып, жан беріскен айтыс болып жатқан кезде Табылды Алманияда әскерде жүрген. Дегенмен бұл доданың қызықтары "авиа" маркалы хаттармен әскердегі жанкүйер -біздерге де жетіп жататын. Жерлесі Светқали айтысқа түскелі жатқанын естіген Табылды "брат" ретінде былай деп хат жазады ғой.
"Айтыста ақын озбас па,
Туғаннан кейін Адай боп.
Жеңіп бір шықсаң, сөз басқа,
Жеңіліп қалсаң,"не дай бог!.."

Көп ұзамай өзі де елге оралды. Алғашқы әрі соңғы айтысына куә болып едім.
...Сол сексен алтының көктемі. Қалалық студенттер айтысы мәреге таяп қалған кез болатын. Досымыз қарсыластарын қоғадай жапырып ақтық сынға шықты. Қарсыласы да белгілі. Орта бойлы, арықша келген бозбала- айтыскерден гөрі әншіге көбірек ұқсайтындай. Және де ақындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын "политехтан" көрінеді өзі. Бір қызығы, баяғының сал - серілеріндей қасында әншісі бар, ақыны бар , бір қауым ел жүр. Айтыстың ақтангерi- Баянғали ақын да жаңағы "сырбаздың "командасында. Табылдың маңайында төрт-бес ашқұрсақ студенттер ғанамыз. Қалай десе де досымыз жеңіске жетеді деген сенім бар. Олжас ақынның да "политехтан" шыққанын естігенбіз. Алайда ол-Олжас қой! Ал, мынау...
...Айтыс ә дегеннен екі жақтың бір - біріне төкпелі жыр селдетуiнен басталды. "Полтехымыз" күміс жырды "күлдір, күлдір кісінетіп", керемет дауысымен шырқап кеп жібергенде жиналғандар Әмiре тіріліп келгендей күй кешкені анық. Айтысып жатыр ма, әлде, біз білмейтін бір жыраудың жырына сусындатып жатыр ма, ол жағын ажырату қиын енді. Табылды да саспады. Қоңыр даусымен өзінің мiрдің оғындай өткір өлеңдерін қарсы қойып жатты. Текетірес ұзаққа созылды. Сәл үзіліс жасалып, оның қайта жалғасқаны, сол кезде әлгі әнші -ақынның жанындағы ақылшыларының кішігірім кеңес өткізгені де есте қалыпты. Әйтеуір, екеуі де бір - бірін ала алмады. Бас жүлде екеуіне де тең бұйырды. Мұндай ғажайып айтыс сол кездегі телевизия басшыларының да құлағына шалынып, аз уақыттан соң қос айтыскердi студияға шақырып, сөз сайысын арнайы жазып алды. Кейін сол түсірілімдi телевизия мұрағатынан іздеп көргенмін. Табылмады. Әлі де іздеймін. Табылуы тиіс!
Тағдыр деген қызық қой. Сол екі студентті арада жылдар өткен соң қазақ халқы -жырау деп атады. Екеуі де ел аузынан түспейтін ерекше дарын екендіктерiн дәлелдеді. Бірі - біздің досымыз, қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымов еді. Екіншісі- ғасырлар қойнауынан жеткен жыраулық дәстүрдің мұрагері, керемет әнші, қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханов болатын.
...Бүгінде Табылды Досымов арамызда жоқ. Тірі болғанда бүгін, шілденің он бесінде қырық тоғызға толатын еді. Әттең, жаңа заманның бір жырауынан айырылып қалдық. Екіншісіне, Бекболат бауырыма ұзақ ғұмыр тілеймін. Мынау жылауық заманда жыраулар әбден керек- ақ, бізге!

Арман Сқабылұлы

 

                               Ауылдың туні

                               Биіктік

                               Әулет

                                Жалған дүние

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста