Кеше Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.
Мерекелі кеште ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев пен «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің құттықтау хаттарын оқыды. Бердібек Соқпақбаевтың жерлестері жазушының қызы Самал Соқпақбаеваға көлік мінгізді. Сондай-ақ, әнмен әрленген кеште қазақтың белгілі қаламгерлері сөз сөйледі.
Біз бүгін сол жазушы ағаларымыздың Бердібек жайлы естеліктерінің аудио-жазбасын толық жариялауды жөн көріп отырмыз...
Әбдіжәміл Нұрпейісов
Мыңбай Рәш
Смағұл Елубай
Бексұлтан Нұржекеұлы
Дидахмет Әшімханұлы