Британдықтармен білім алмасу

Кеше Астанадағы Назарбаев университетінде «Халықаралық ғылыми серіктестікті қалыптастыру және білім алмасу» атты екі күндік халықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Университеттің баспасөз қызметі тарат­қан мәліметке сүйенсек, ғылыми басқосуға 300-ге тарта қазақстандық ғалыммен қатар, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Герма­ния, Аргентина, Испания және Оңтүстік Корея университеттерінен ғалымдар қа­тысу­да. Энергетика, шикізатты өңдеу, ақпа­раттық және телекоммуникациялық тех­нология, білім беру салалары бойынша стратегиялық серіктестікті орнатуға бағыт­талған шараға ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігі мен Британ кеңесі (British Council) қолдау білдірген. Шара барысында түрлі сала бойынша семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар қазақстандық оқушылар мен оқытушылар үшін британдық ЖОО-лардың ресми көрмесі ұйымдастырылған.
Саймон Уильямс, Қазақстандағы Британ кеңесінің директоры:
– Қазақстан жоғары білім мен ғылымды дамытудың өте ауқымды әрі керемет ұлттық жоспарын жасақтады. Бұл британ­дық ғалымдар үшін үлкен жаңалық болды. Аталмыш жоспар ғылым, білім беру жүйесі және өндіріс, яғни белгілі бір өнеркәсіптік сала арасында өте тығыз қарым-қатынастар орнатады. Британдық кеңес Қазақстанның бұл бағыттағы қадамына қолдау көрсетуге тырысуда. Біз Қазақстан мен Ұлыбритания университеттері, ғылыми ортасы, ғалым­дары арасындағы тығыз қарым-қатынас­тарды орнатуға және күшейтуге мүдделіміз. Кеңес Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамытудың ғылыми, озық идея­ларын қолдағысы келеді.

Қазіргі уақытта Британ кеңесінің қолдауымен еліміздің 16 жоғары оқу орны Ұлыбританияның ең үздік университет­тері­мен әріптестік орнатып, үлкен жетістік­терге қол жеткізіп отыр. Бүгін кешке қоры­тын­дыланатын конференция барысында Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары және университеттері арасындағы әріптес­тік байланыстарды жетілдіруге байланысты бірқатар келісімшарттарға қол қойылмақ. Соның негізінде екі ел ғалымдары бірлес­кен жобаларды іске асыруды көздеуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста