Болат Назарбаев ел арасында Мақпал Жүнісова екеуі жайлы тарап кеткен түрлі қауесеттерге жауап берді. Елбасының інісі эстрада әншісімен жақын сырлас дос екенін айтты. Ол тіпті, өнер иесінің жалғыз қызы Мерейдің өкіл әкесі болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі Aina TV жобасына сілтеме жасап.
Болат Назарбаев ер адам мен әйелдің арасында достық болмайды деп есептейтіндермен мүлдем келіспейтінін жеткізді. Ол Мақпал Жүнісова екеуінің достығы оларға дәлел болу керек екенін алға тартты.
"Ол кісімен талай жыл таныспын. Ол шынымен-ақ маған дос болып кетті. Кейбірі айтып жатады ғой "ер адам мен әйел дос бола ма?" деп. Болғанда қандай. Кейбірі біздің достығымызға қатысты қателесіп жатады. Мен Мақпалмен шын ниетпен доспын. Мерей деген қызына өкіл әкемін. Қолымнан келгенше көмектесіп тұрамын. Ол Мақпал менен көп ештеңе сұрамайды. Мен байқаймын ғой. Анда-санда барғанда көмек керек болған кезде беріп қоямын. Көбісі жақындап кетсе, "жүріп кетті" деп ойлайды. Шын ниетіммен доспын. Ол да мені солай қабылдайды" - деді Болат Назарбаев.