«Болашақ кілті – білімде»

Бүгін кешкі сағат 17.00-де Алматыдағы Студенттер сарайында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Болашақ кілті – білімде» атты мәдени-танымдық шара өтеді.
Салтанатты шара барысында Ұлт көш­басшысы – Н.Назар­баев­тың өмірі мен қыз­метіне арнал­ған көркемсуретті және деректі фильм­дер ұсынылып, ел мен жер, Отан туралы әндер шырқа­лады. Мерекелік бағдарламада сондай-ақ университет сту­дент­тері мен ұстаздар қауымының, әскери кафедраның, «Гүлбану» ән-би ансамблі­нің, халық аспап­тар оркестрінің және бір­қатар қазақстан эстрада жұлдыздары­ның өнері ортаға салынбақ.
Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик:
– Елімізде биылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кү­ні атап өтілмек. Бұл ең әуелі қазақ қо­ға­мы үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін тәр­бие­лік мәні зор мереке болмақ. Осы бір елеулі мерекеге біздің қарашаңырақ – уни­верситет те өзіндік үлесін қоспақ. Рес­публика шеңберінде тұңғыш рет ұй­ымдастырылғалы отырған «Болашақ кілті – білімде» атты мәдени-танымдық шара­ның мақсаты еліміздің келешегі саналатын жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, олардың заманауи білімді игерген ұрпақ ретінде қалыптасуына жол ашып, Тұңғыш Президенттің көш­бас­шылық қасиеттерін бойларына сіңіру болып табылады.

Осы шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, еліміздің Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ардагерлер қатыспақ.
Қазіргі заман жаңа бастамалар мен тың идеяларды талап етуде. Соңғы уақытта Елбасы инновациялық технологиялардың дамуына көп көңіл бөлу қажеттігін баса айтуда. Осы ретте аталған жоғары оқу ор­ны­ның қызметкерлері мемлекет қойып отырған талап деңгейінен көрінуді өзде­рінің парыз-міндеттері санайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста