Блогер қыз өзін "жезөкше" деген адамды 260 км жердегі үйіне іздеп барды

Дау Instagram-дағы тікелей эфир кезінде болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

“Қалаулым” арқылы көпшілікке танылған Ырысбала Икрамбай өзіне былапыт сөз жазған оқырманын іздеп тапты. Ол үшін блогер Шымкенттен Түркістан облысындағы Сұлтанбек Қожанов ауылына арнайы барған.

 

Тікелей эфир арқылы жылу жинап, бірнеше отбасыға үй алып берген Ырысбала Икрамбай өзіне былапыт сөз айтқан оқырманын орнына қойды. Даудың басы "жезөкше" деген сөзден басталған.

 

Ырысбаланың айтуынша, экранның ар жағында отырып алып, аузына келгенін айтқан желі қолданушысына ол бірнеше рет ескерту жасапты. Бірақ оқырман оған құлақ аспаған. Ашуға мінген блогер содан кейін полиция ертіп, өзін ренжіткен адамды іздеп тауып алады.

 

 

"Көпшіліктен қорқады екенсіздер, неге онда көпшіліктің алдында маған жала жабасыздар?! Сабыр сақтамаймын! Бұлай ушықтырмай, қарындасым айыпқа бұйырма дегенде мен 260 шақырымды тастап 3 айлық қызыммен осында келмес едім. Мен қазаққа пайдам тисе деп жүрген адаммын. Осылай көлденең келген көк атты менің басыма тыша бермесін. Мені біреудің астынан тауып алған ешкім жоқ. Мен бір әулеттің келінімін, үш баланың анасымын. Сіздің балаңызды біреу жезөкше деп айтса, сіз қандай жағдайда боласыз? Мені әке-шешем сіздердің сөздеріңізді естісін, әркімнің астында бір қалсын деп тәрбиелеген жоқ", — деді Ырысбала Икрамбай.

 

Дегенмен блогер полицияға арыз түсірмеген. Бұған балалардың көз жас жібермеді дейді.

 

"Ағайын-туысыңды жинамақ түгілі бүкіл ауылыңды жинасаңда кешірмеймін деп тұр едім. Балалардың көз жасы үшін кешірдім. Ауызға абай болайық. Он күнәнің тоғызы тілден", — деп жазды блогер.

 

Ырысбала Икрамбайдың бұл әрекетіне ырза болып, түрлі пікір жазып жатқандар көп.

 

"Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі деген осы. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ болу керек", "Дұрыс болды. Қазақтар қашан бір-бірін сыйлайды? Осылай тәртіпке салғаны дұрыс болған екен", "Аузына келгенді жазатындар көбейіп кеткен", "Өте дұрыс! Осыдан кейін көп адамдар ауыздарына ие болып жүретін болды", "Жарайсың, қайсар қыз!", — деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста